Қызғаншақтың сазайы
Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 76-б
Бір дәуріш күнде ерте патшаға барып, оған тиісті кеңесін беріп, онысы үшін шамалы ақы алып тұрады екен. Мұны білетін көршісі дәуріштің көзін жойып, ақыны өзі алып тұрмақ болады. Ертеңінде дәурішті патшаға жамандап ойының теріс екенін дәлелдеп бағады. Ақырында: «Сөйлеген сәтте жүзін бұрып отырса,ойында арамдық болғаны, сондықтан өлтіргеніңіз жөн» ,- деп кеңес беріпті. Үйіне дәурішті шақырып сарымсақтан жасалған тамақты қояр да қоймай жегізіпті. Шығатын жағымсыз иістен қорғанған дәуріш бетін бұрып сөйлесе, патша шыны сезіктеніпті. Оны өлтіру туралы жарлықты жазып, қолына беріп тұрып: «Осыны уәзірге берерсің»,- депті. Сарайдан аман-сау, қолында хатымен шыққан дәурішті көріп, тағы сыйлық болар деген оймен күншіл көршісі хатты сұрап алып, уәзірге алып барыпты. Хатты оқыған уәзір оны табан астында өлтіртіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |