Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет154/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   292

Ақылгөй торғай


Бір қарт базарлап қайтайын деп қалаға кетіп бара жатып, жолда бір баланың бұта түбінде тұзақ құрып отырғанын көреді. Сол сәтте аспанда бір торғай шықылықтап:


– Ей, бала, мен алпыс жасаған торғаймын,тұзағыңа қонбаймын, алты жасар баласың, мені қайтіп аласың? – деп сайрап тұр екен.
– Бұйыртса, өзің-ақ келіп түсерсің, – деп бала тұзағын құрып отыра беріпті.
Бұл екеуінің сөзіне қарт онша көңіл бөлмей, өз жолымен жүріп кетеді.
Қаладағы шаруасын түске дейін бітіріп, ауылына қайтып келе жатып, манағы баланың манағы торғайды тұзақтан босатып алып жатқанын көреді.
– Балам, осы олжаңды маған байлашы, – деп қарт баланың торғайын қалап, сұрап алады.
Былай шыққан соң торғайдан:
– Сен ғой, мана таңертең баланы мазақтап, «Алпыс жасаған торғаймын, тұзағыңа қонбаймын» деп сайрап тұр едің. Енді қалай тұзаққа түсіп қалдың? – деп сұрайды.
– Тақсыр, жаңа қатты жел тұрып, бұршақ жауды. Сол бұршақтан қорғалап, бір бұтаны тасалап едім, тұзаққа қалай түсіп қалғанымды байқамаппын - Бар болғаны осы. Тақсыр, мен асылық айтқан екем, – дейді торғай. – Ал енді сізге үш ауыз ақыл айтайын, мені босатыңыз.
Онсыз да қоя берейін деп келе жатқан қарт:
– Жарайды, айт ақылыңды, – деп келісім береді.
– Бірінші ақыл – көзің көрмей сенбе, екінші ақылым – өнбесті қума, үшіншісі – өткенге өкінбе,– дейді торғай қартқа қарап.
– Түсіндім, – деп қарт торғайды босатып жібереді. Торғай анадай жердегі бір тастың үстіне барып қонып отырып:
– Кәрия, мен неге ұша алмай отырмын? – депті.
– Мен қайдан білейін, – дейді қарт.
– Қанатымның астында асықтай алтын бар еді, соны көтере алмай отырмын.
Мұны естіген қарт торғайдың алтынын алмақ болып ақырын аттан түсіп, торғайға жакындап келіп, қолын соза ұмтыла береді. Таяп қалғанда торғай қарғып, екінші тасқа қонады. Қарт тағы ұмтылады, торғай тағы секіріп кетеді.
Өстіп, қарт ұмтыла қуып, торғай секектей қашып, тастан-тасқа қона береді. Қарт қуа-қуа әбден шаршап, аты бір жақта, езі бір жақта қалады.
Сонда торғай таяу жерде қонақтап отырып:
– Сіз мен айтқан үш ауыз ақылдың бірде-біреуін түсінбеген екенсіз, – депті.
– Қалайша? – деп ашуланады қарт.
Сонда торғай:
– Бірінші ақылым – «көзің көрмей сенбе» дедім, сіз көзіңіз көрмей тұрып, менің қанатымның астындағы асықтай алтын бар дегенге сендіңіз. Мен не бәрі өзім асықтай ғанамын. Сонда менің қай жеріме асықтай алтын сыяды? Екінші ақылым – «өнбесті қума» дедім. Сіз мені ұстай алмасаңыз да, өнбес істің соңына түсіп, әбден қалжырадыңыз. Үшіншісі – «өткенге өкінбе» дедім. Сіз сол өткен қателіктеріңізге қатты өкініп, қапа болдыңыз. Үш ауыз ақылдың мәнін енді түсінген боларсыз деп сенемін, – депті де, торғай өз жайына ұшып кете барыпты.
«Өнбесті қума, көз жетпей сенбе, өткенге өкінбе» деген түйін осыдан шығыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет