Қалтақбастың қиялы
Бір қалтақбас адам жалғыз жұмыртқа тауып алыпты да, жұмыртқаны алақанына салып, аялап отырып ойлапты. Бұл жұ-мыртқаны байдың бикешіне тартсам, ол маған бір тоқты берсе, тоқтыны қойға қоссам, ол қашып, , қозылы қой болса, қозылы қойды айырбастап, бір тайынша алсам, тайыншам қашып бұзаулап, бұзаулы сиыр болса, оған бір байтал алып, ол құлындап, құлынды бие болса, биемд1 боталы түйеге айырбастасам, оны Тайболатқа берсем, ол маған қарындасын берсе, қалыңдык ойнап қайныма кеп, төс жеп, төсек салынса, тундік жабылса, шайы көрпе, атлас шымылдықтың ішінде отырғанымда, жеңгелерім қалыңдығымды әкелсе, қалындығымды:
—Ап!—деп ұстай алсам дегенде, қолы қалтырап кетіп, алақанындағы жұмыртқа жерге түсіп, жарылып қалыпты.
Құрғақ қиял құрдымға кетті дейтін осындайдан болса керек
Достарыңызбен бөлісу: |