Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет159/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   292

Достық


Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:


– Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

Қанағат


Ертеде бір адам адал еңбек жасап, азға қанағат етіп баюды ойлапты. Өзге қалаға барып бір байға жалданып жұмысқа тұрыпты. Ол алатын ақысын да келіспей-ақ бір жыл жұмыс істепті. Ақысын сұраса, бай бес тиын бақыр ақша беріпті. Жігіт еліне қайтарда өзеннен өтеді екен. Киімін шешіп қолына алғанда, бақыр ақша суға түсіп кетеді де, жігіт таба алмай қалыпты. Үйіне құр қол қайта алмай, сол байға қайта бір жыл жұмыс істеп, тағы дәл сондай еңбекақы алыпты да, үйіне қайтыпты. Жол үстінде қолында мысығы бар жігіт кездеседі. Бес тиынын беріп, мысықты сатып алыпты. Еліне келсе бір аждаһа пайда болып, алдында тұрғанды жайпап жеп, таптап, құртады екен. Қашып құтылудың өзі қиын болыпты. Сол елдің басшысы тажалға қарсы еш нәрсе жасай алмай, амалы құрыпты. Көп ұзамай-ақ жаңағы сойқан жан алғыш жігіттің алдынан шығады. Сонда мысық аждаһаны амалын тауып өлтіріпті. Мұны естіген қалабасы мысықты сатуын талап етеді. Құтыла алмасын білген жігіт ақысына қызын, өзінің салмағындай алтын, ерекше сарай салып беруін сұрайды. Сұрағанмен, бере қоймас деген ойда болады. Қала қожасы сұрағанын түгел беріп және өзіне орынбасар етіп тағайындапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет