САРАҢДЫҚ
Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 77-б
Бip бай бозбала кездескен қызға үйленеді. Қыздың 6ip қолы жоқ болатын. Осы кeмicтiri ушін ол жігіттен қатты ұялды. Құдайға жалбарынды. Құдай қыздың тілегін қабыл алып, оның қолы орнына келеді. Бірде жұбайлар түскі тамақ iшin отырғанда, қайыр сұраушының дауысын естиді. Әйелі eкі тілім нан алып, қайыршыға бepгici келеді. Kүйeyi: «Бұл аз, толык, табақтағы асты бер», — деді.
Қайыршы сараңдықтан осындай халге жеткен әйелдің алғашқы epi еді. Ол кезінде бай болған еді. Әйел болған мына жайды баяндап берді. Алғашқы күйеуі бай еді,бірақ адам айтқысыз сараң болатын. Бірде күйеуі үйде жоқта әйелі қайыршыға тауық береді, ал ол тауықтың ішіне күйеуі алтын сақина тығып сақтайды екен. Келісімен сол тауықтың жоқтығын күйеуі көpin, әйелінің қолын шауып, қуып жіберген-ді. Осы тұска келгенде, күйеуі көзіне жас алып: «Сол қайыршы мен едім, алтын сақина маған байлық әкелді», — деді.
Достарыңызбен бөлісу: |