Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет189/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   292

Ақтанберді жырау


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1211&Itemid=23

Биенің сүті сары бал —


Қымыздан асқан дәм бар ма!
Желіде құлын жусаса,
Кермеде тұлпар бусанса,
Сәні келер ұйқының,
Жылқы қолдан тайған соң,
Қызығы кетер күлкінің
Қыздың көркі құлпыда,
Жігіттің көркі жылқыда!
* * *
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1244&Itemid=23



  • ***

Ей, азаматтар, шоралар,
Атты мінсең, зорды мін,
Биік біткен теректей,
Қару алсаң, мылтық ал,

Қарның ашса, тамағың,


Жаяу жүрсең, таяғың,
Бір күніңе керектей.
Киім кисең, қаттау ки,
Суық келсе, панаң-ды
Найза тисе, қалқаң-ды
Тобылғының беректей.
Мекені іздеп не етесің,
Мекеге қашан жетесің,
Әзір Меке алдыңда,
Пейіліңмен сыйласаң,
Атаң менен анаңды!
Мал-басы өскен
Адамның алды-арты бүрқырап бу болар.
Көтере алмай дәулетін
Көрінгенге бу қылар.
Не боларды білмейді,
Өзінен-өзі зор болар,
Жетім менен жесірге
Қазары ылғи ор болар,
Онымен жолы болмайды,
Біреуден қайтып қор болар.

***



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет