Жігіттер ойын арзан...(54-бет)
...Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржыңдамақ.
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.
Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ.
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ...
Білімдіден шыққан сөз (86- бет)
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрынсырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңігі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме
Түзелмесін білген ез?
«Айтшы-айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңсік қой,
Байлаулы емес ақыл, ой,
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржаң - қылжаң ит мінез.
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңрі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
«Ой, тәңір - айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек.
Болмаған соң, бір есеп -
Мейілі қамқа, мейілі бөз.
Достарыңызбен бөлісу: |