http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=2881&Itemid=23
Түссіз ғой деп түсіне
тыжырынба ардақтым!
...Боз шенелдің ішінде
Жүрегі бар солдаттың.
"Өңсіз ғой" деп,
түсіне
өкпелеме, ақылдым!
Бөз көйлектің ішінде
Жүрегі бар батырдың.
Бор жаққандай шашына
өкпелеме, ақылдым
Табары бар асылдан
Жұбан Молдағалиев
Менің құрбыларым
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6708&Itemid=23
Менің құрбым—елулер- елу бестер,
Қаруластар, қандастар, шерулестер,
Тұрса таудай тапжылмас табандылар!
Шепке шапса, шорт сынбай шегінбестер!
Әлі он сегіз - жиырмада қалғандары:
Құрбан болды күресте, қорғады арын.
Жатыр енді құшақтап жер-ананы,
Биіктетіп томпешік, қорғандарды.
Жоқ, қайтқан жоқ олар тек мола болып.
Алаңдарда тұр мәрмәр, қола болып.
Ерліктердің ізінде елдер өсті.
Орынына еңбектің қала қонып.
Менің құрбым-даңқымен дабыстылар,
Мұрат-мақсат, міндетпен табысты олар.
Еркектері-әйелдей ұяттылар,
Әйелдері-еркектей намыстылар.
Менің құрбым-ұрпақ қой ел жыр етер,
Шаттығы да, мұңы да елжіретер.
Еркектері-әйелдері тағаттылар.
Әйелдері-еркектей ержүректер.
Олар жүрді жыртық та, аш қарын да.
Қанат қақты арманның асқарына.
Жүздерінде-аяз бен аптан тоты,
Жер-дүниенің күмісі-шаштарында.
Ардақтыны білмейді зал да бұдан,
Естілмейді өлгенде зар да бұдан.
Қартайдық деп қатардан шықпайды да,
Жығылмаса жорықтар зардабынан.
Тарсылдатса көшені ағаш аяқ,
Қажетсіз-ақ қайрылу оғаш аяп.
Тайып кетсе, жымиып түрегелер,
Қабақ шытса, шытады оңашарақ.
Бұлар кімнен міндетін шала атқарды?
Лаулап, әттең, сиреді, саранталды.
Қанды-ау талай ерге гүл, ерте жетім,
Рюмкада ішілмей шарап қалды...
Менің құрбым, о жастар, ата-анамыз.
(Болып қалдық уже де, аталы біз).
Менің құрбым, қариялар, ұл-қыздарын,
Азаттықтай ардагер атағы аңыз.
Бөркіңді алып, ей, балам басынды,
Олар темір тәртіп пен иба сүйді.
Жазалайды жазықты болса өзін де,
Пірден биік тұтады сыйласуды.
Достарыңызбен бөлісу: |