Тәртіптілік пен мақсаткерлік
Тобыр жөнінде көп айтылуда. Тобыр дегеніміз не? Тобыр армия емес, армия да тобыр емес. Сонымен топ дегеніміз адамдардын жиыны. Эр қилы ниет, мақсат-мүдденің итер-мелеуімен әртүрлі себептермен жұрттың жиналуы.
Адамдардың белгілі бір мақсат және міндеттен, белгіленген тәртіп пен ережені сақтай отырып жиналуын ұйымдасқан топ, қоғам деп атайды, оның бұлай аталу себебі қатысушылардың барлык іс-әрекеті жоспарлы түрде осы жиынның, жиналыстың мақсат-міндетіне бағынатындықтан.
Береке бірліктің, нысаналы максаттың, ұйымшылдыктың жоқтығы, томенгі психологиялык ниет мүдденің итермелеуімен максаттарының болмауы – біздің санамызға бейұйымшылдықтың стихиялы турде жиналу, қатысушылардың айқын, біртұтас символы ретінде орныққан тобыр деген ұғымның мән-мағынасын береді.
Басқарудан, яғни ұйымшылдықтан, тәртіптен, демек, бірлескен қимыл-әрекеттің бірлігі мен жоспарлығынан айырылып қалу кез келген адамдардың ұйымдасқан тобын тобырға айналдьірады, адам ақыл, ерік, күшінен айырылады да, адамдардың үлкен бір тобы сан жағынан әлдеқайда аз ұйымдасқан топтың оп-оңай-ак жемтігіне айналады, алғашқы соққыдан-ақ мұндай қарсылық көрсету қабілетінен айырылған тобыр шілдің қиындай шашырап быт-шыты шығады.
Соғыс тәжірибесі, кейде жеңіліске тек күш пен техниканың аздығынан ғана емес, көпшіліктің күш-жігерін бір мақсатқа жетуге жұмылдыратын біріктіретін ұйымшылдықтың, басқарушылықтың жоқтығынан немесе белгілі бір себептерден басқарудан айырылып қалушылыктан жеңіліске ұшырайтынын көрсетіп жүр.
Тобыр бейұйымшылдықтың салдарынан басқаруға, ерікке көнбей кетеді. Үйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды. Бет-бетімен кеткен мұндай шырғалаң бей-берекетсіз кезде адам жан-далбасалап жөнсіз, тиянақсыз қимыл әрекет жасайды, тобырдың арасында сасып, сасқалактап, есі шығып бағдарынан айырылып қалады. Тобырдың іс-әрекетіне жауап беретін адамды табу мүмкін емес деп түсінушілік жаман әрекет жасауға себеп болады, парызын ұмытуға, қылмыс жасауға итермелейді, толық жауапсыздық тудырады, ал ұйымдасқан қоғамда, ортада адам мұндай бейберекетсіз әрекет жасаудан қорыққан, тартынған болар еді.
Есі шыққан топ тез нанғыш келеді әрі оны оп-оңай ырыққа көндіріп алып кетуге болады, сондықтан да парасатты адамның сенімді дауыс ырғағымен сөзсіз, талап ету формасы түрінде берілген жігерлі де әмірлі бұйрығы әп-сәтте-ақ тобырды басқарушынын еркіне мойынсұндырады. (49-53 )бет
Достарыңызбен бөлісу: |