ОҚУҒА АҚЫЛ-КЕҢЕС. КІТАП ОҚУДЫҢ
МӘДЕНИЕТІ ЖӨНІНДЕ
Табиғатында өзбетінше ой ойлап, оп-оңай түсінуге болатын нәрсенің өзін қиындықпен түсінетіндер аз емес. Мұндай адамдар, менің пайымдауымша, екі топқа жататын сияқты. Біреулері өзінің қабілетінің қаншалықты дәрежеде екенін мойындай отырып, білімге қарай бар күшін сала ұмтылады; егерде сол жанталаса іздегенінің арқасында қандай да бір нәтижеге қолы жететін болса, онда онысы ақыл-ойының емес, тынымсыз күш-жігерінің арқасы. Басқалары болса, қанша тырысса да, биік нәтижеге қолы жете алмайтынын білгендіктен, аздың өзіне қанағат тұтуға мәжбүр болады: олардың соншалықты әрекетсіздігі мен немқұрайдылығынан ұлы ақиқаттың сәулесінің өзі олардың сол аздың өзін оқып-білуге ықылассыздығынан мардымсыз болып көрінеді. Болғалы тұрған нәрсені болдырмайтын олардың өздері ғана. Бұл туралы діни жыршының: «Оның жақсылық жасауға ақылы жетпейді» дегені бар. (Пс.35,4).
Мүлде білмеу – бір мәселе және түк те білгісі келмеу – мүлде басқа нәрсе екенін ұмытпаған жөн. Басқаша айтатын болсақ мынадай: мүлде білмеу - әлсіздіктен, бірақ білімнен жеріну – ерік-жігердің жоқтығынан. Табиғат шындыққа жету үшін бай да жеңіл мүмкіндіктерді аямай бере салған адамдар да бар. Оларда қабілет те тең болмау ы мүмкін, тіпті қабілет тең болғанның өзінде, олардың бәрінде бар табиғи ақыл мен ой ойлауқабілетті шынықтырып-жаттықтыруға және үйретуге шыдамдылық пен ерік-жігері бірдей болмауы мүмкін. Ондайлардың дені ғасырдың иыққа түскен ауыр жүгін қайтсем жеңілдетемін деумен және қажеттіліктен артыққа күйіп-пісумен жүріп немесе тән рахатына берілемін деп, өздеріне Құдайдың берген талантын жерге көміп тастайды да, даналықтың жемісінен де, жақсы істің игілігіне де қол жеткізе алмайды. Ал басқа біреулерді, керісінше, отбасының кедейлігі мен қолының қысқалығы оқып, білім алуға мүмкіндіктен айырады. Дегенмен, бұл себептердің бәрі де өзгермелі деп ойлаймыз; өйткен, біреулердің аштықта да, шөліркеп те, тіпті қандай қиыншылық болса да білімнің жемісін теріп жүргенін көріп жүрміз. Дегенмен де, егерде сен оқи алмасаң, немесе, шынында да, оқуды оп-оңай игере алмайтын болсаң – бір мәселе, ал егерде мүмкіндігің бола тұрып, білуге ұмтылмасаң, құштарланбасаң – бұл мүлде басқа мәселе. Әйтпесе қабілеттің жетімсіздігінің өзінде бір ғана білсем деген ұмтылыстың нәтижесінде даналыққа ие болу қандай мақтаныш саналады; әрине, мұнымен салыстырғанда қабілеті мен мүмкіндігі бола тұрып, әрекетсіздік танытып, тоғышарлықпен өмір сүру ұят-ақ.
Ғылым үйренуге ұмтылғандар үшін екі нәрсені білу маңызды: оқу мен ой ойлау. Бұл екеуінің ішінде білім үйренудегі оқу бірінші орынға ие; кітап оқу кезінде маңызды үш ережені есте ұстаған жөн: біріншіден, қандай кітап және нені оқу керек екенін әркім білуі қажет; екіншіден, қандай тәртіппен, яғни қайсысын алдымен және қайсысын екінші кезекте оқу керек; үшіншіден, қалай оқу керек.
Біз ұмтылған нәрселердің ішінде ең лайықты да мәртебелісі – даналыққа жету бәрінен биік саналады. Өйткені, ол толыққанды игілікті мәнге ие. Даналық адамның өзін-өзі тануына, ол өзін тұңғыш суреткермін деп ойламаған кезінде кіммін және не үшін өмір сүремін деп ойлануға мүмкіндік берді, ағартушылыққа жеткізді. Адам осылайша өзінің ажалсыз рухымен (animus), жетілген даналығымен өзінің адами басталуымен және өзінің соншалықты жексұрындығын мойындауға мәжбүр болады; кімге жеткілікті берілгенді, өзінен іздеместен бар болу үшін оның өзі бар екен. Аполлонның үштағанында: gnoti seauton, яғни «өзіңді өзің таны» деген жазу бар екенін айтады білетіндер. Өйткені адам егерде өзінің қайдан шыққаны есінде болса, онда ол өзгеріске ұшырайтынның бәрін, күмәнсіз, мойындаған болар еді. Біз оқып-білу арқылы өзімізді бастапқы қалпымызға келтіре аламыз, сөйтіп өзіміздің табиғатымызды білу үшін, сырттан іздеуді үйренуден бұрын өзіміздің бойымызда барды іздеп табуға ұмтыламыз. Өмірдің ең биік мәртебесі әрі мұраты – даналыққа ұмтылу, оған жеткен адам – бақытты, ал ол кімде бар болса, ол қазыналы, көшелі адам.
(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009. 3-том: Орта ғасыр дәуіріндегі педагогикалық ойлар/Жетекшісі Жусанбаева Г.М.- 416 бет. 231-233-бб.)
Достарыңызбен бөлісу: |