Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет54/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   292
НИЗАМИ ГӘНЖАУИ
(1141-1209)
Низами Гәнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами - Әзербайжан ақыны. Ол тарихта «Гәнжауи» деген лақап есімімен белгілі болған. Иранда, кейін Гәнжа қаласында ғұм ыр кешкен Низамидің әкесі, оған брынша түркілік мәдениет пен салт-дәстүрді санасына дарытып отырған. Заманында араб, парсы, гректің ғылым-білім салаларын жан-жақты меңгерген ғұлама болды.
ҰЛЫМА ӨСИЕТ
Ұланым! Даналардың ұқ ақылын,
Мектебің ғой сол ақыл, сара ғылым.

Білім ғана шын досың, сүйенішің,


Қиындықты шешушің, сүйер күшің.

Тірі пенде қазіргі өлер бір күн,


Мәңгі жайға жөнелер тастап мүлкін.

Ақылым сол: «Сергек бол, жатпа, ұлым!


Мен кетемін бақиға, сақтан, ұлым!

Бақыт пен өмір бағын, - біл ұғам деп,


Есімің қасиетті – ол Мұхаммед.

Аян беріп жұлдыздар қойылды атың, -


Көтер даңқын, Мұхаммед шарафатының.

Әз есім тұр даңқтың болатында,


Жетсін төбең көктің кең қабатына.

Барғанымда пейішке мүһмін жұрттан,


Құрмет көрсем ісіңе жұрт болып таң.

Даналардан тағылым ал, пейілдес бол,


Ұлылық пен даңққа табарсың жол.

Достарыңның тек бірі болса бұзық,


Абыройыңды сенің сол кетер бұзып.

Айрылма жауһарыңнан теріп алған,


Жолама залымдарға сөзі жалған.

Сұмдықтан - туар деме жақсылықты,


Сұмдық түбі – залымдық пасық тіпті.

Білімі мол алады қолмен епті,


Шыңнан лағыл- теңізден меруертті.

Ақыл мен жан дем алып бір санадан,


Жеңеді, мәңгі тірі ақыл мен жан.

Екеуі хақ рухына бірдей құштар,


Шүбәсіз осы жолға, ұлым, түс, бар.
Мектебің ой сал ақыл, сара ғылым,
Қарғысын жұлған кезде күшпен төтен.

Ғаріп пен аштарға дәм берген артық,


Сорлының халуасын жеме тартып.

Қанжарын жарқылдатты таң да көкке,


Уа, Низами оян сен, жатпа текке.

Ал қаламды михнаттан сен жалықпа,


Қазынаңның қақпасын аш халыққа!»
Аударған Қ. Бекхожин. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 328-332 - беттер.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет