ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ХАС-ХАДЖИБ (ХІ ғасыр)
Шу алқабындағы қазіргі Тоқпақ қаласына жақын маңдағы ортағасырлық Баласағұн қаласында туған. Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегі бізге жеткен дүнияуи әдебиеттің алғашқысы. Ол көне түркі тілінде жаылған. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының дербес халық болып бөлінгеніне дейінгі ортақ рухани игілік. Дастан тәлім-тәрбиелік ой-толғамдарына өте бай және аса көркем стильде жазылған. Шығармада адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөз өнері, адамның әртүрлі жақсы-жаман қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеленеді.