Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет47/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   292
АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әр6ip перзенттің тeгi ата-ана ғой. Не үшін ата-анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі...
Eгер әрбір перзент акылды және дана болса, ол ата-ананың мейір-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды... Ата-ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылыққа үйрету.
Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл-күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сен ата-ананың қарызын ақтау iciнe дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын.
Ceнi жан-ділімен жақсы көpiп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай ic жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміc ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.
Мирасқорлық, арсыз ниетпен ата-ананың өлімін тілемегейсің. Солардың мал-мүлкі арқылы сен де мал-мүлікке ие боласың. Тапқан табысыңды бөлшектеп бөліп күнделікті тipшiлiк деп, өзіңді өзің қинама. Біреудің дүниесін пайдаланам деп әуреленбе... Сенен жағдайы жақсырақ адамды күндеме! Малсыздықтан жарлы болсаң да, ақылға бай болу үшiн жаса. Өйткені малмен бай болғаннан гөpi, ақылға бай болу жақсырақ. Наданның жарлы болуы демде. Аңдасаң, ақыл деген — 6ip қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, ол отқа жанып, суға ақпайды.
Егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткені өнерсіз ақыл - киімсіз дене, яғни кескінсіз адам сияқты деуге болады. «Білім - ақылдың ажар-көркі» деп босқа айтылмаған.
(Кайкаус. Қабуснама / Өзбек тілінен аударған – Т.Айнабеков. – Алматы: Жазушы, 2005. – 160 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет