Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет48/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   292
ҮЙЛЕНУ ТУРАЛЫ
Ей, перзентім, егер үйленуді ойласаң, өз қадіріңді сақтай біл, қаншалықты мал қадірлі болса да, әйел, перзентіңнен аямағын. Әрдайым әйеліңді жақсы құрметтеу, перзентіңді тәртіпті тәрбиелеп өсіру — сенің қолыңдағы іс. Қатын алмақшы болсаң, оның дүниесі көбін талап етпей, тәрбиелісін алғын. Жұрттан асқан сұлу қатын алма, өйткені оған ғашықтар көп болады. Қатының табиғаты таза, жан дүниесі пәк, өзіңе дос болсын. Уақытыңды, дүние-малды жақсы сақтай алатын болуы шарт. Жақсы қатын өміріңнің рақаты болар...
Достықтың, үй тірлігінің жайын білмейтін қатыннан аулақ бол. Ерлі-қатын үй тірлігінің жайын жақсылап қолға алса, бір-біріне тәуелді болып, достығы арта түседі. Кәмелетке жеткен әйел анасының — үй қожасы, атасының - отағасы екенін байқап білетін жан болуы керек. Егер бұл сияқты көргенді, әрі көрікті қыз кез болса, тез үйлен... Білімді қатынның іс-әрекетіне тыйым салушы болма. Егер сен қызғаншақтық жасамасаң, кемсінбесең, катының саған ата-анаңнан да мейірімді болады. Саған одан дос кісі болмайды. Егер қызғаншақ, қатал болсаң, ол саған қас дұшпан болады, оның алдында басқа дұшпаның жіп есе алмай қалады.
Әйелді қызғанудан жұрдай, намыссыз бол демеймін. Намыссыз жасықтарды ер жігіт деуге болмайды. Намыссыз жан дінсіз болады. Қатының үй ішін тәртіптеп ұстай білетін, көршілерге азарсыз, абыройыңды сақтап білетін болуға тиіс. Алатын қатыныңның дәрежесі өзіңнен жоғары және бай болмасын. Оған тәуелді болудан сақтан. Өзіңнен жасы үлкенге үйленуге болады, бірақ тумайтын тұл қатынға үйленбе.
Ә ң г і м е. Ескендір Зұлқарнайынға: «Не үшін сен Дараның қызына үйленбейсің? Дәулетті де, сәулетті, сұлу да емес пе?» — депті. Сонда Ескендір Зұлқарнайын: «Олай ету — мен үшін ұлы айып іс. Біз дүние жүзіне мәлім кісі болып, дәулетті, сұлу деп, бір қатынға тәуелді болуымыз ер жігітке лайықты емес».
Ей, ұлым, енді есіңде болсын, алған әйелің балиғатқа жеткен болсын. Үй ішіңе және көршілеріңе, дос-жарандарыңа қадірлі болсын. Бойжетпеген өте жас қыз алма. Өйткені ер кісі әйелді отау құрып, оның рақатын көру үшін алады, тек бетіне қарап отыру үшін алмайды.
(Кайкаус. Қабуснама /Өзбек тілінен аударған – Т.Айнабеков.- Алматы: Жазушы, 2005.-160 бет)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет