Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет44/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   292
НАСИРАДДИН ТУСИ
(1201-1274)
Насираддин Туси орта ғасырдағы құқықтанудың барлық бөлімдері мен салаларын оқыған және өте жақсы білген, сонымен қатар мұсылман халқының заңының білгірі ғана емес, барлық әлем халықт арының заңын жете білген, өз еңбектеріне Платон, Аристотельдің ғылыми ойларын негіз етіп алып, олардың еңбектерін басшылыққа алып отырған.
Шығыс әлеміне белгілі болған Насираддин Тусидің шығармаларының құндылығы бүгінгі таңға дейін жойылған жоқ. Сол маңызды туындылардан «Насири әдебі» еңбегін атауға болады.
«НАСИРИ ӘДЕБІ»
(үзінді)

  • Әрқашан оқы, білім алумен айналыс. Алдымен мақсатын айқында, содан соң оның орындалуы үшін ғылым таңда.

  • Ғалымның бағалылығын еңбектерінің құндылығымен, оның жинақылығымен және адамгершілігімен анықта.

  • Адамгершілікке бағытталмаған өмірді пайдасыз деп есепте.

  • Сенің кесіріңнен қандай да бір іс болмады ма? Және қандай қайырымды іс істей алатының туралы ойланып алмай ұйқыға жатпа.

  • Өзіңнің селқостығыңның арқасында қандай мүмкіндігіңді жіберіп алғаныңды есіңе түсір.

  • Өзінің өмірі, өзінің болашағы туралы ойланбаған адам бақытсыз.

  • Жақсылап ойлан, сосын айт, жақсылап өлшеп піш, сосын өмірде қолдан, жағдай өзгеріп кетуі мүмкін.

  • Барлығымен достаса біл, жиі ашуланба, әйтпесе ашу әдетке айналып кетеді.

  • Тек қана сөзде емес, істе де дана бол, ауызша даналық осы әлемде қалады, ал даналық істер мәңгілік өмір сүреді.

  • Егер сен жақсы істер жасап қиналсаң, қиналыс өтеді және жақсылық қалады. Егер жаман істерден қанағат алсаң, қанағат өтеді, ал кек қалады.

  • Ойы, сөзі және ісінің арасында бірдейлік бар адам ғана дана.

(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 136-137 - беттер.)


КЕЙҚАУС
(шамамен 1021-22 жылдары туған)
«Қабуснама» - 1082-1083 жылдар ішінде жазылған аса бағалы педагогикалық мәні бар туынды. «Қабуснаманың» авторы – Кейқаус Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында мекендейтін Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал отбасында (шамамен 1021-22 жылдары) дүниеге келеді.
Кейқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзінің қартайғанын баяндай келіп: «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл заттарым – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым», - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет