Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет43/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   292
НИКОМАХ ЭТИКАСЫ
(үзінді)
Тоғызыншы кітап (І)
Ең бірінші кімді құрметтеу керек, өзіңді ме, әлде басқа біреуді ме?- деген сұрақ та күрделі. Шынымен, өздерін жоғары тұрғыдан жақсы көретін адамдарға кінә тағып, төмендетіп, оларды «өзін сүюшілер» деп атады; және бұл тектес адамдар бәрін тек өзі үшін істейді деп есептеледі, ал жомарт адам болса, барлығын керемет үшін, дос үшін жасайды, көбірек жасаған сайын, күштірек бола түседі.
Істе болып жатқан нәрсе, бұл тұжырымдармен сәйкес келмейді, бұл түсінікті де. Шын мәнінде бірінші орында құрметті ең жақын досың тұру керек, ал ең жақын дос бұл біреуге игі жақсылықтар тілей отырып, оны дәл сол адамға тілейді, тіпті бұны ешкім білмесе де. Ал ондай қасиеттер достықты анықтайтын басқа да қасиеттер сияқты өзіне осындай көзқарастағы адамдарда болады. Достық көріністері адам өзіне-өзі қандай қарым-қатынаста болса, басқаларға да сондай болып таралады. Көптеген мақал-мәтелдер де осымен үндес: «жан-жанға», «достарда бәрі ортақ», «теңдік бұл достық» және т.б. Осының бәрі бірінші орында осындай көзқарастағы адамдарда болады.
Әрине, кімнің соңынан еру керектігін шешу қиын, себебі екі ой да үлкен сенімділік береді.
Сол себептен де бұл ойлардың қайсысы шындыққа жанасымды екенін білу үшін оларды сараптап, саралау керек.
Егер де біз өзі-өзі сүю дегенге, кім қандай ұғым беретінін білсек, барлығы да өзінен өзі айқындалады. Яғни мұны мін тағу үшін енгізгендер, «өзін-өзі сүйетіндер»деп өздеріне заттық тұрғыдан көп үлес бөлетін, құрмет пен ләззат алуды сүйетіндер, ал бұған адамдардың көпшілігі-ақ құштар, бұл бір биіктердің биігі секілді, сол себептен де кейде олар бір-бірімен төбелеске дейін барады. Мұндай сәтте өзімшілдер құмарлық пен құштарлыққа кездеседі, ал ол ақыл-ойға жат болғанымен де, ондайлар көп-ақ, яғни бұл сөздің шығуы да таңғаларлыққа жақын, яғни шынымен де «өзін-өзі сүйетіндерге» мін тағу заңды болып табылады.
Сондықтан да көпшіліктің өзін-өзі сүйетіндер деп өздеріне жоғарыда айтылғандарды жанастыратындар шынында да ең алғашқы болып дұрыс, ақылға сыйымды істерді істеуге асығатын немесе өзінен кейін әдемі із қалдыруға тырысатындарды ешкім «өзін-өзі сүюге» кінә тақпайды.
Инабаттылықтың тағы бір сипаты сол, ол көптеген істерді достары, отаны үшін жасайды және солар үшін керек болса өледі де: өзінен кейін тек жан сұлулығын қалдырады; ол негізінен ұзаққа созылған ләззатқа қарағанда, бір ғана сәттік зор ләззатты сезінуді дұрыс көреді, ұзақ жылдар бойы мінсіз ғұмыр кешуге қарағанда, бір жыл болса да толыққанды әрі керемет өмір сүруді, көптеген көзге көрінбес іс-әрекетке қарағанда бір ғана ұлы істі жасауды таңдады. Бәлкім бұл өздеріне ұлылық пен сұлулық белгісі іспеттес жандар үшін жанын пида етуге даяр тұлғалардың ұстанатын ұағидалары шығар. Олар қолда бардың бәрін өз достарына үлестіріп беруден де танбайды, себебі достары дүние-мүлікке ие болып шаттанғанда, олар жан сұлулығына қол жеткізіп, тегінде осы әрекетінен достарына қарағанда өзінің молырақ пайда табатынына сенген. Сонымен қатар бастықтардың да шені мен мәртебесі өз д остарына берілгенде де – тамаша әрі мақтан тұтарлық іс болмақ. Әрине, адамгершілігі мол адамды атаймыз. Ал, өз досына жақсы іс жасауына жол беру – сол істі өзі жасағанынан да ұлырақ әрі көркемдеу болып табылмақ. Сөйтіп адамгершілігі зор адам мақтан тұтарлық іс-әрекетті жасау барысында, көбінесе өзіне тиесілі жан сұлулығына зор мән берген.
Аударған З.С. Ақтамбердиева. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 355-356 - беттер.)



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет