Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


ХІІ тарау Әр адамдағы «Мен» туралы



бет39/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   292
ХІІ тарау
Әр адамдағы «Мен» туралы
157. Әркімнің өзінің «мені», әрине, жақсы нәрсе. Әркім оны қырағылықпен сақтағаны дұрыс. Данышпан адам өзінің үш қорғанының бірі ретінде оған риза болуы керек.
158. Ол ең алдымен өзін тиісті жағдайға келтірсін. Содан соң басқаны үйренуіне болады. Дана адам алған жолынан аумайды.
159. Басқаны қалай үйретсе, өзі де солай үйренсін. Өзін бәріне толық көндірген адам басқаны да соған көндіре алады. Шын мәнінде өзін-өзі бәріне де көндіру қиын іс.
160. Әркімнің өзіндегі «мен» өзінің қожасы. Оған өзінен басқа кім қожа болуы мүмкін? Ең қиын нәрсе - өзіндегі «менді» толық тауып көндірсе, ол өзінің қожайынын тапқаны болмақ.
161. Өзінен-өзі туған, өзінен-өзі пайда болған жамандық та болады. Ал жақсылық болса, өткір алмас тасты тілетіні сияқты, надандықты да жеңеді.
162. Кімнің мінезі шәлкес болса, онда ол өзінің жауы қалағаныңдай іс істейді. Ондай адам сал ағашын орап, шырмап алатын манува өсімдігін еске түсіреді.
163. Адамға зиянды әрі жаман іс – істің жеңіліне әуес болу. Ал жақсы да пайдалы іс – қашан да ең қиын нәрсе ғой.
164. Теріс көзқарасы бар надан адам архат ілімінен күдікпен қарайды. Дхаммаға бйланысты өмір сүретін рахымшыл, игі ниетті адам каттхака бұтасына ұқсас, пісіп-жетілген соң жемісін береді де, өзі жойылады.
165. Кей адам жамандық іс істейді де, өзін-өзі қор етеді. Жамандық істемеген адамның өзі да таза болады. Тазалық пен ластық бір-бірімен байланысты. Бірін-бірі тазалай алмайды.
166. Өзінің ізгілікті ісі бола тұрып, басқаның да ізгілікті ісін жоққа шығармауы жөн. Өзінің ізгі ісін тани отырып, жоғары деңгейдегі ұлы істерге ұмтыла бергені дұрыс болмақ. Аударған Ә. Нілібаев. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 160-161 - беттер.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет