«ХАТШЫ МЕН ОНЫҢ АҚЫМАҚ ҰЛЫ»
(үзінді)
...
Сен қайда бардың?
Мен ешқайда барған жоқпын.
- Егер ешқайда бармасаң, неге бос жүрсің? Мкетепке бар, «мектеп әкесінің» алдына бар да, берілген сабақты айт, өзіңнің мектеп сумкаңды аш, өзіңнің тақтайшаңды жаз, «ағаң» саған жаңа тақтайша жазып берсін. Сабақты аяқтап, ұстазыңа көрсеткен соң, маған қайтып кел, көше кезбе. Саған не айтқанымды түсіндің бе?
- Түсіндім, қайталай аламын.
- Қайтала.
- Қазір қайталаймын...
Ұлы бәрін қайталаған соң әкесі ұзақ монолог айтты:
- Тыңда мені, еркек болсаңшы. Алаңдарда тұрма, бақтарда қыдырма. Көшемен келе жатып, жан-жағыңа қарама. Сыпайы бол, ұстазыңның алдында мүләйім бол. Ұстазың сенің көзіңнен қорыққаныңды көрсе, ол сені жақсы көреді. Адам толы алаңдарда жұмыссыз кезіп жүрген сен, табысқа жеткің келе ме? Онда саған дейін болған буынға қара. Мектепке бар, ол жақсылық әкеледі. Ұлым менің, аға буынға қара, олардан ақыл сұра. Тікбақай, мен сені көзімнен таса қылмаймын, - бір ұлыма қарай алмасам, әке болмай кетейін, - мен әулетіммен ақылдастым, мен туыстарымды салыстырдым, олардың арасында дәл сендей ешкім жоқ.
Менің қазір саған айтатыным, көр соқырды дана қылады, жыланды сиқырлағандай тоқтатады.... Сен менің жүрегімді сыздаттың, сонан соң мен сенен алыстадым да, сенің қорқынышың мен асаулығыңа назар аудармадым; жоқ, мен сенің қорқынышың мен асаулығыңа назар аудармадым. Мен сенің кінә таққаныңа қарай,саған ашуландым, я мен саған ашуландым. Сен өзіңді адам құсап ұстам айтындықтан, менің жүрегімді мұз қарығандай болды. Өзіңнің асаулығыңмен сен мені молаға жеткізе жаздадың.
Мен өмірімде бір рет те саған қалың шөптің арасынан ағаш жинатқан емеспін. Сен жас балалар мен бозбалалар таситын бұтаны ешқашан тасыған емессің. Мен саған ешқашан: «Менің керуенімді қара!» деп айтқан емеспін. Мен сені ешқашан жер жыртуға жіберген жоқпын. Мен сені ешқашан менің егісімді өңдеуге жұмсаған емеспін. Мен сені ешқашан егісте жұмыс істеуге жұмсаған емеспін. Өмірімде ешқашан саған: «Бар, жұмыс істе, маған көмектес!» деген емеспін.
Басқа, сен сияқты балалар, ата-анасына көмектеседі. Егер сен туыстармен сөйлессең, егер оларды бағаласаң, олардан озуға тырысар ең. Олардың әрқайсысы 10 кур тары өсіреді, олардың ең жасының өзі әкелері үшін 10 кур т ары өсіреді. Олар әкелерін тарымен, маймен, жүнмен қамтамасыз етеді. Ал сен болсаң, сен қырсықтығың жағынан ғана еркесің, ал олармен салыстырғанда сен тіпті де еркек емессің, Әрине, сен олар сияқты еңбек етпейсің, себебі олар ұлдарын жұмсайтын әкенің балалары ғой, ал мен сені ешқашан жұмысқа жұмсаған емеспін.
Қырсық, мені ашуландырып отырған, - қандай адам өз ұлына шын ашуланады? – мен туыстарыммен сөйлесіп, осыған дейін байқамаған бірнәрсені көрдім. Мен саған қазір айтатын сөзімнен қорық және дұрыстап тыңда. Сенің әріптесің, сенің мектептесің – сен оны бағаламадың. Неге сен одан озуға тырыспайсың? Сенің досың, сенің жоолдасың – сен оны неге бағалай алмадың? Сен неге одан озуға тырыспайсың? Өзіңнің ағаңа жетуге тырыс. Біздің еліміздегі Энки (өнер мен қолөнер құдайы) жасаған барлық кәсіптің ішінде хатшылықтан қиыны жоқ. Тек ән (поэзия) болмаса, ал ән жүрегі теңіз бен алыс канал жағалауларындай қашық, - сен менің кеңесімді тыңдамас едің, мен де әкемнің даналығын саған жеткізе алмас едім. Энмиль адам тағдырын осылай жасаған: ұлы әкесінің ісін жалғастыруы керек!
Мен күні-түні сен үшін қиналамын. Сен күндерің мен түндеріңді ләззат қуып өткізіп аласың. Сен көп қазына жинадың, сен үлкен болып, толыстың, күшті, маңғаз болдың. Бірақ сенен бүкіл әулетің сенің басыңа іс түскенін күтіп отыр, олар соған қуанады, себебі сен адам болуға тырыспайсың.
Соңғы бөлімі әкесінің батасымен аяқталады.
Сені саған жамандық тілеген дұшпаныңнан сенің құдайың Нанна құтқарсын.
Сені адамгершілік сергітсін, ол сенің басыңа да, жүрегіңе де енсін!
Сені қаланың даналары естісін,
Сенің қалада тек жақсы атың шықсын.
Сені Құдай бақытты атпен атасын.
Саған Нанна құдайдың мейірі түссін.
Саған Нингаль тәңірше батасын берсін!
«Ақиқат – ең жақсы ...». Аударған Г. Адаева. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 47-48-беттер.)
Достарыңызбен бөлісу: |