Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет37/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   292
ЛЕЙМЕН (СОЛОМОН)
(Ежелгі Израиль. Б.з.д. ІХ ғ.)
Сүлеймен (Соломон)- ежелгі Израиль мемлекетінің үшінші және соңғы патшасы. Ол әйгілі Давид (Дәуіт) патшаның баласы; біздің дәуірімізге дейінгі 960-935 жылдары Израиль мен Иудеяда билік құрып, Иерусалимдегі Яхве храмын салдырған. Өткір ой, тапқырлығымен, әділ билігімен өз заманында даңққа бөленіп, «Данышпан Сүлеймен» атанды.


ИЗРАИЛЬ ПАТШАСЫ ДӘУІТТІҢ ҰЛЫ СҮЛЕЙМЕННІҢ ӨСИЕТТЕРІ
(үзінділер)
2.

  1. Ұлым менің! Сөзіме тоқтап, менің өсиетімді ұға біл:

  2. Тұла бойыңа даналық дарып, ақыл-ойды жүрегіңмен қабылдасаң;

  3. Білім нәрімен сусындап, парасатпен пайымдасаң;

  4. Соны асыл тас, қазына деп білсең;

  5. Сонда сен ақиқатты, әділдікті, турашылдықты, ізгі бағытыңды табасың.

  6. Жүрегіңнің түкпіріне даналық қонса, жаның біліммен рахат табады.

  7. Сол кезде ақыл мен парасат сені қорғайтын болады:

  8. Жауыздың жолынан, өтірікті айтатын адамна;

  9. Жауыздықты жасауға үйірлерден, азғындыққа тамсанатындардан;

  10. Жолы қисық, адасқандардан сақтайды.

3.
1. Ұлым менің! Өсиеттерің жадыңда болсын, жүрегіңе ұяласын.
2. Өз-өзіңді данагөймін деп санама, Құдайдан қорқу керек, жауыздықтан алшақ жүр.
3. Бұл сенің тәніңе салауат, сай-сүйегіңе азық болмақ.
4. Даналықты меңгерген адам, ақылға кенелген адам, шаттыққа кенелмек.
5. Өйткені, оны меңгерген адамның пайдасы мол, пайдасы шаш етектен.
12.
1. Ақылды тыңдайтын – білімді жақсы көреді, ал жүрегін азғындықпен улағанды жұрт жек көреді.
2. Өз нанын тауып жесе де қарапайым жандікі жөн, ал кеуде керіп білімдімін деп бір түйір нанға жарымағанға не жорық?
3. Соқа салып жер игергеннің дастарқанында нан болады, ал тойлатып, думандатып жүргеннің ақылы таяз.
4. Өзі білетін нәрсені айтатын адам шындықты айтады, ал өтірікке куә болғанның айтқаны – жалған.
5. Ақылды білімін текке шашпайды, ал ақымақ орынсыз айтпайды.
6. Даналармен сырлас- дана болады, ақымақпен мұңдас адасады.
27.
1. Ертеңгі күнмен мақтанба, өйткені, ол күннің саған не әкелетінін білмейсің.
2. Өз-өзіңді мақтағаннан безін, басқа біреу айтса бірсәрі.
3.Досың мен әкеңнің досын тастап кетпе, бауырыңның үйіне бақытсыздық күніңді арқалап апарма, алыстағы бауырыңнан, қасыңдағы қоңсың артық.
4.Ақылды қауіп-қатерді алыстан ажыратады, ал тәжірибесіз адам қаннен-қаперсіз алға ұмтылып, опық жер. Аударған Ж. Түрікпенұлы. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 96-98 - беттер.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет