Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет45/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   292
АНУШИРОВАННЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТТАРЫН
ЕСКЕ ТҮСІРУ ТУРАЛЫ
Ей, перзентім, Ануширован мына төмендегі үгіт-насихаттарды айтқан екен:
1. Дәулет ертелі-кеш келуі де, кетуі де мүмкін, барлық жағдайдың алмасып және өзгеріп тұруына таңданба. Яғни шаттық кетіп, қайғы келсе; қайғы келіп, шаттық келсе, оған мән берме.
2. Халық не үшін бір реет опық жеген істен қайтадан опық жейді? Егер бір істі істеп өкінішті жағдайда қалсаң, оны екінші қайталама.
3. Адам тіршілігі өмір талабына сай болмаса, не үшін ол өзін тірі деп есептейді?
4. Халықтың қамы үшін өз рақатынан айырылған адамды дұшпан деме.
5. Өнерсіз жанмен дос болма, өйткені өнерсіз адам достыққа да, дұшпандыққа да жарамас.
6. Өзін дана деп санаған наданнан түңіліп сақтанғын.
7. Ащы болса да сөздің ақиқатын айт.
8.Сырыңды дұшпан білмесін десең, досыңа айтпа.
9.Үмітсіз кісінің еккенін жегеннен, аш жүрген жақсы.
10.Әр адамның білімі болғанмен ақылы болмаса, ол білімі өзіне зиян келтіреді.
11.Сен туралы халық жақсы сөз айтсын десең, сен өзің алдымен халық туралы жақсы сөз айтқын.
12. Халық үшін істеген еңбегің босқа кетпесін десең, саған халықтың істеген еңбегі босқа кетпесін.
13.Егер дос-жарансыз қалғың келмесе, кінәмшіл болма.
14.Егер зерек болғың келсе, жүзіңді халық көзімен көр.
15. Егер қадірлі болғың келсе, халықтың қадірін біл.
16.Егер айыпсыздар қатарында болғың келсе, жеке басыңның қамын ойлайтын нәпсінің құлы болма.
17. Жомарттықты қаласаң, опасыз болма. Біреуден аламын деп дәмеленбе.
18. Әділеттілер қатарында болғың келсе, қол асытңдағыларды өз қамқорлығыңа алып, топтастыра біл.
19. Егер халықтың сүйіктісі болғың келсе, олардан еш нәрсені аяма.
20. Егер тілім ұзын болсын десең, қолың қысқа болмасын.
Ей, перзентім, Ануширован Әділдің сөздері мен үлгі-насихаттары, міне, осылар. Бұларды оқы және ардақтай біл. Бұл сөдерден данышпандық салтанатының иісі аңқып тұр. Бұл сөз – дананың әрі патшаның сөзі.
(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 139-141 - беттер.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет