Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет155/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   292

Жамандык неден болады?


Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты, бұл кісіден аң, құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесіп: «Осы дүниеде жамандық не себептен болады?»— деп бірнен бірі сұ­райды.Сонда қарға айтыпты:


— Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарай-
ған соң, не болса соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы
ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлд1. Сондықтан
аш болмаудың қамын ойлау керек,— деді. Көгершін айтты:
—Менің ойлауымша, жаманшылық аштықтан емес, сүйіс
пеншіліктен болады. Егер де біз жалғыз болсак, біздің жұмы-
сымыз аз болар еді, біз екеу-екеуден тұрамыз. өзіңнің жар жол-
дасыңды жақсы көрген соң, саған тыныштық жоқ. Оның тамағын
тоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың. Және де ол бір жаққа ұшып
кетсе, аман-есен келгенше тыныштығың кетіп, кайғы жеп бола-
сың. Келмей калса, іздеймін деп өзің бір нәрсеге ұшырап өлесің.
Сондыктан жаманшылықтың бәрі осы сүйіспеншіліктен бола­
ды,— деді. Жылан айтты:
— Меніңше жамандық ызақорлықтан болады. Егер де біз
тату тұрсақ ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер
еді. Егер де бір нәрсең көңілдегідей болмаса, бек қатты ашула-
насың. Ашу кезінде ешкімді аямайсың. Біреуді шақсам екен деп
жорғалай бересің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін, ол өзіңді
өлтіреді. Міне, жамандық ызақорлықтан болады,— деді.Бұғы айтты:
— Меніңше дүниедегі жамандық қорқактықтан болады. Егер
де біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар
еді. Мен жүйрікпін, күшім көп, кішкентай аңдарды мүйізіммен
сүзіп кұлатамын, үлкен аңнан қашып құтылам. Бірақ нашар-
лык. қорқақтық ағаштың бұтақтары сыбдырласа, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып жардан құлап өлсең, итке жем боласың. Сондықтан қорықпау керек, батыр болу керек,— деді. Сонда баяғы тыңдап отырған кісі айтты:
— Сіздер бәрің де жамандықты не себептен болатынын дұрыс айттындар. Біз адам баласы оны жақсы білеміз, неге десеңдер біз жамандықты да, жаксылықты да көп істейміз. Аштык, сүйіспеншілік, ызакорлық, қоркактық — бәрі де біздің тәнімізді сактау үшін керек. Бірақ біз тәнімізбен тіршілік етпейміз, көбіне жанымызбен тіршілік етеміз. Егер де біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күшіне қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік,— деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет