Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы
Ақылды бала — әкесінің сүйініші,
Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.
Арам байлық пайдалы болмайды,
Ал әділдік ажалдан сақтайды.
Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,
Зұлымның аңсағанын беруді қош көрмес.
Жалқау қол жарлы қылар,
Ісмер қол дәулетті қылар.
Жазда өнім жиған — ақылды бала,
Орақ кезінде үйықтаган — арсыз бала.
Әділ жан жарылқауға ие болар,
Зұлымның аузы зорлық жасырар.
Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,
Ал зұлымның есімі құрып кетер.
Дана нұсқауларды ықыласпен қабылдар,
Надан ез созінен сүрініп құлар.
Таза жүрген аман жүрер,
Қисық жолдағы эшкереленер.
Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,
Ал мылжың бос созінен жапа шегер.
11 Әділдің аузынан өмір қайнар,
Зұлымның аузы зорлықты тасалар.
Өшпенділік араздық туғызар,
Сүйіспеншілік бар күнәны жабар.
3ерделінің аузынан даналық шығар,
Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.
Данышпан білімін сақтап қояр,
Ақымақ аузымен пәле шақырар.
Байдың қорғаны — өз байлығы,
Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.
Әділдің өнімі — өмірге,
Зұлымның табысы — күнәға.
Тәрбиеге мойынсұнған өмірге жол бастар,
Ескертуді елемеген өзгені де азғырар.
Қастығын жасырғанның тілі жалған,
Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.
Сөзуар құтыла алмас күнәдан,
Ақылды өз аузына ие болған.
Әділдің тілі —таңдаулы күміс,
Зұлымның ой-ниеті — түкке тұрғысыз.
Әділдің тілі көпке ақыл берер,
Наданның зердесіздігі түбіне жетер.
Достарыңызбен бөлісу: |