Тәрбиесін ұнатқан – білімді де ұнатқан,
Ескертуді жек көрген – санасыз надан.
Ізгі жанды Жаратқан ұнатар,
Зымиянға Ол үкімін шығарар.
Адам зұлымдықпен аман болмас,
Әділдің түп-тамыры шайқалмас.
Ізгі әйел күйеуінің абыройын асырар,
Арсыз әйел күйеуінің қуатын тауысар.
Әділдің ой-ниеті әділетті,
Арамзаныңкеңесі алдамшы.
Зұлымның сөзі қан төгер тұзақ құрар,
Әділдің сөзі пәледен құқарар.
Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар,
Әділдің шаңырағы берік тұрар.
Ақылына қарап адамды мақтар,
Ойы бұзық жан жексұрын болар.
Кеуде көтеріп аш жүргеннен гөрі,
Адал еңбек еткен қарапайым жан игі
Ізгі жан малының да қамын ойлар,
Арамзаның жүрегі қатыгез болар.
Жерін өңдегеннің қарны тоқ
Бос қиял қуғанның ақылы жоқ.
Зұлымның олжасына сұрқия көз салар,
Тамыры берік әділ жан жемісті болар.
Достарыңызбен бөлісу: |