ТАҚырыбы: Сөйлем түрлері сыныбы: 2 бастауыш сынып



Дата07.07.2017
өлшемі58,86 Kb.
#20704
Аудандық тамыз конференциясы



ТАҚЫРЫБЫ: Сөйлем түрлері
СЫНЫБЫ: 2

БАСТАУЫШ СЫНЫП

МҰҒАЛІМІ: Тукешева Б.М..


2015 оқу жылы

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел иесі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауында 2030 жылы Қазақстанның өзге елдерге үлгі ел болатыны жайлы айтқан үмітін іске асырар ұлттық тұлға тәрбиелеу – барлық ұстаздардың абыройлы борышы мен міндеті деп атап көрсетті.

Тәулесіз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыруда еліміздің болашағының тұғыры биік, тұтқасы мықты болуы – білімді сауатты ұрпақтың еншісінде. Сондықтан да қазақ тілі пәнін оқытудың сапасы мен мақсатын одан әрі жетілдіру де бүгінгі күннің талабы. Халқымыздың біртуар азаматы, қазақтың көрнекті қайраткері Жүсіпбек Аймауытов ана тілін оқытуда мынадай тұжырымдама жасаған: «Бала оқытуды тілден бастайды. Яғни балалардың тілі мен сөз байлығын байыту. Бала сөйлегенде, жазғанда – тілді, сөйлеуді дұрыс қолдандыру» деп атап көрсеткен.

Бастауыш мектептегі негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі. Қазақ тілі пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениеті, моральды, дүнинтанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі. Ал балаларды сөйлеуге, басқаның сөзін ұғынуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру – әрбір оқушының міндеті болып табылады.

Мектептегі ұстаздардың оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, ал сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл. Міне сондықтан әрбір сабақта балаларды дұрыс сөйлей білуге, басқаның сөздерін терең, мағынасын түсіне білуге, ұғынуға, өз бетімен қатесіз сауатты жазуға және оқуға төселдіру – әрбір оқытушының міндеті болып табылады.

Өзім жетекшілік ететін 2-сыныбымда үнемі әрбір сабақ сайын «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолданып қелемін.» Осы тұрғыда интерактивті тақта арқылы сабақ өту – балалардың ой-өрісінің жан-жақты дамуына ықпал етеді, әрі балалар қызыға тыңдай отырып, сабаққа белсенділігі артады. Осындай үлгіде: интерактивті тақта арқылы өткізген қазақ тілінен «Сөйлем түрлерін қайталау» атты тақырыпта өткізген ашық сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлерін қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдынғы сабақтарда алған

сөйлем түрлері туралы білімдерін бекіту.

Білімділік: Оқушылардың сөйлем,сөйлем түрлері

туралы білімдерін нығайта отырып,оларды

сөйлем ішінен таба білуге үйрету.


Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қаблетін,тілін дамыту.
Тәрбиелік: Жалқау болмауға, әдемі жазуға, құстарға

қамқор бола білуге тәрбиелеу


Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі, музыка.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

1.Оқу құралдарын,сабаққа дайындығын тексеру.

2.Психологиялық дайындық.

Қуан,шаттан! Қуан,шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықсын күн бүгін!
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.Келген қонақтарға алған білімімізді көрсете білейік.

-Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз.Әр топ өздерінің ұранын таныстырып өтсін.

І. Ақыл азбайды.білім тозбайды.

ІІ. Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы.

ІІІ.Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.


-Ұранымыз білім туралы екен. Біліміміз ұранымызға сай болсын.

-Бүгінгі сабақта мына жоспармен жұмыс жасаймыз:


1.Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді.

2.Кімнің өйы жүйрік?

3.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

4.Бойы сергектің ойы да сергек.

5.Еңбек түбі береке.
Мен сіздерге сұрақтар қойғым келіп тұр.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста қандай өзгерістер болады?

-Құстар ше? Жылы жаққа ұшып кетеді

-Қыстап қалатын құстарда бар

-Атайықшы .(тақтадан)

-Осы қыстап қалатын құстарға біз қамқорлық жасауымыз керек.

-Кәзір 3 топтан бір оқушы шығып,таңдаған бір конвертті ала қойыңдар.

-Құстар құрастырайық.Қандай құс шықты?Атайық,сол топтың аты болады.

(Қысқаша айтып шығу).

-Бірінші жоспарымыз бойынша «Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді» демекші, жұмбақ шешіп , сөйлем түрлерін алайық.

3 топқа мынадай жұмбақ

Өзім сөзден тұрамын,

Біткен ойды құрамын.(сөйлем).


І-топқа: Қоя салсақ бір тары

Жаңалықты жеткіземін.(х.с.)


ІІ-топқа: Ойды аяқтап орақ тұрады

Жауап сөз қалап тұрады. (с.с.)


ІІІ-топқа: Ұранды, шаттықты

Өкініш, аптықты

Білдіріп ойын талайдың

Шарға ине қадаймын. (л.с.)


Ой қозғау

Сөйлем туралы не білеміз?


Сөйлем


Келесі жоспарымыз бойынша «Кімнің ойы жүйрік»
Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық

Қөркем етіп жазайық.


Күннің жадын жаздыру.

Қ.қ. Қыс келді.

Сіздердің тапқырлықтарыңды байқау үшін өрны ауыстырылған (сөйлемдер) сөздерден сөйлем құрау. (Тақтамен жұмыс)
Айдос ауылға барды.

Атасы мен әжесі ауылда тұрады.

Атасы оған қозы берді.

( Тақтамен тексеру)

3. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл.» деген мақалымыз бойынша оқулықпен жұмыс жасаймыз.

Атаммен әңгіме.

Атасы мен немересінің әңгімесі:

Әр топтан біреуі ата, біреуі немересі болып оқып шығады.

-Өлеңде қандай сөйлем түрлері кездесіп тұр.(Белгілерін беру)

-Балалар, алдарыңызда топтың аты жазылған, осы топтың атынан сөздер құрастыруға болады. Жазайық.


«Бөйы сергектің өйы да сергек» демекші бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Сөйлем түрлері.


Тақтаға қөз салайықшы .Нелерді көріп тұрмыз?

-Сандарды.

-Сандарды қай пәнде қолданамыз?

Сандарды сөйлетейікші?

1 қыркүйек -Білім күні.

1 қантар -Жаңа жыл.

1 мамыр -Ынтымақ күні.

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

22 қыркүйек –Тілдер мерекесі.

9 мамыр -Жеңіс күні.

Келесі жоспарымыз «Еңбек түбі –береке» демекші, тапсырмамыз кестемен жұмыс.

Самантикалық карта тарату.


Алған белгілерімізді қөрсетейік

Тамаша, олай болса, бүгінгі сабағымыз аяқталды


Бекіту

Не істедік? Көңіл-күйлерің қандай? Тілектерің.


Келе жатқан Қой жылымыз құтты болсын деп өлеңмен сабақты аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет