«Ақиқатты тани біл...» кітабы, Алматы, 2004ж ( 205-209- беттер)
Жаман әдеттердің күншілдік, жалқаулық, өзімшілдік, суайттық, екіжүзділік, мылжыңдық, өсекшілдік, т.б. сияқты рухани кеселге жататын немесе маскүнемдік, на- шақорлық, карта ойнау, қүмар ойнау, т.б. сияқты адам- ды жан мен тән жағынан бірдей азғындататын түрлері ұшырасады. Олардың әрқайсысыныңөзіндік белгілері мен сипаттары бар.
Күншілдік — өте зиянды рухани әдет. Ол отбасы, ошақ қасынан бастап даңқ пен мансап, байлықтың шырқау биігіне дейінгі адамдар тағдырында өзінің сойқанды істерін жүзеге асырып, тіршіліктің шырқын бұзып, небір қайғы-қасірет, трагедияға себеп болады. Ол өзі — зиян- дылығына қоса өте шірік, пасык, әдет. Жанына оның микробы түскен адам талғаусыз болады: туыс, дос, адал, ақпөйіл кісі, ардақты азамат, халық қамқоры, елдің ері, көсемі деп қарамайды. Өйткені күншіл басқаның болған, толғаны түгіл, иненіңжасуындай артықшылығын, қуаныш, қызығын, абыройын, ырыс-бағын көре алмайды. Ешбір себепсіз-ақ іштей жауығып, өшігіп, не ожар күшке салып, не амал-айла, жасырын зияндықпен күндеген адамын қор қылып, кезін қүрта алмағанның езінде, бір сүріндірмей, жаны жай таппайды. Сол үшін жаппаған жаласы, қылма ған кесапаты қалмайды. Алда-жалда тілегені брлып, аң- дыған кісісі құрған қақпанына түсіп, сағы сынып, жаны жасыса, мұның айызы қанып, бір жасап қалады. Күншілдерді басқаның өзінен артық абырой, атақ, дәу- лет, қызыққа жетуі ғана емес, өзіне теңелуі, тіпті өзінде бар бір тәуір нәрсенің онда да болуы тынысын тарылта- ды, іштерін күйдіріп, жатса-тұрса ойларынан шықпайды. Ең жаманы күншілдіктен әдетте адал еңбегі, ақыл-өнері, адамгершілік парасаты, қайырым-шапағаты, айналасы- на, елге жасаған жақсылығы, әділдігі мен турашылдығы арқылы халық қүрметіне бөленген кісілер зардап шегеді.
Тегінде күншілдік, көре алмаушылық, іш тарлық сияқ- ты мінездер асқына келе жан ауруына айналатын әдет- тер болып табылады. Сондықтан «Мешкей деген — жақ- сы атақ емес» дегендей, бір жағынан, бейкүнә жандар- дың өмір-шырқын бүзатын, жанын жаралап, төңірегіне іріткі салып, екінші жағынан, өзін аздырып, адамшылық- тан шығаратын мүндай кеселге жан-дүниені шалдықтыр- мау парыз. Әсіресе оның вирусын жас балалардың жаны- на жүқтырмай, оларды адалдыққа тәрбиелеу керек. Өйткені адал адам ешкімді күндемейді.
Тағы бір кеселді қылық — өсекшілдік, өсек тарату. Мұның негізінде де іш тарлық, көре алмаушылық жата- ды. Тағатын кінәсы өтірік болғандықтан, өсекші ашық кү- реске бара алмайды. Жазык.сыз адамның сыртынан жа- лалы, жалған сөз таратады. Өсектің талай тамаша адам- ның түбіне жеткені жайындағы қайғылы аңыздар толып жатыр. Бір себебі құпия жасалатын, мүләйімсіп, жапа шеккенсіп, өзін таңдаушының әуеніне төңкеріліп түрып ай- тылатын жымысқы, қара ниет қылық. «Өркөкіректің өзі жаман, өсекшінің сөзі жаман» дейді халық.Сондықтан адамдық атағына кір жұқтырмағысы кел- ген кісі ол пәледен аулақ болуға, ұрпағын да солай өсіруге тиіс.
Жаман әдеттермен жанаса, жең ұшынан жалғаса әмпей-жәмпей жүретін, кісілікке жатпайтын, абыройсыз қылықтардың бірі — өтірік айту. Оны арғы-бергі заманда өмір сүрген ақылман, дана адамдар ең жексүрын кемістік деп санайды. Халық өтірікші, суайт адамды адам қата- рына қоспайды. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ түтам» деген халық мақалы өтірік сөздің түбінде шикілігі шығып, оны айтушының масқара болатынына меңзейді. Ондай кісіде, мейлі жас, мейлі жасамыс болсын, ешқандай абырой, бедел болмайды. Халықта бар «Өтірікшінің шын сөзі зая» дейтін мақал соған дәлел. Сонау ерте замандағы римдік шешен қазақ мақалдарын сөзбе-сөз дерлік қайталап: «Өтірікшіге біз, тіпті ол шындықты айтып түрған кезде де сенбейміз», — депті. Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың өзінің оқу құралына енгізген мынадай бір шағын әңгімесі бар. Бір қойшы бала күнде: «Қойға қасқыр шапты!» деп өтірік аттандап, жүртты дүрліктіре береді. Кезекті бір сондай «аттан» түсында күндегі өтірігі ғой деп ешкім елең ете қоймапты. Бірақ бүл жолы шынымен қойға қасқыр шауып, қырып кетеді. Мүның бәрі өтірікшінің жұрттың сенімінен айырылып, қадірі кететінін көрсетеді. Адамның қадірсіздігінен өткен жаман не бар?! Өтірікке үйреніп ал- ған адам шын сөз айта алмайды деген де бар. Әрине жал- ған атаулының бәрі жаман болғанымен, оларды айтылу себебі, мақсаты, зардабының мөлшері, кімнің айтқаны- на қарамай, бір шыбықпен айдауға болмайды. Сондай- ақ «Айтса айта берсін, аузын аяйсың ба, ешкімге содан келіп жатқан зиян жоқ» деп қарайтындар табылады, бірақ айтқандарын жөн деуге болмайды. Беті бүлк етпей, өтірік соғатын адамды қандай сылтаумен болса да, инабатты, тәрбиелі, салиқалы кісі қатарына қосу мүмкін емес. Өтірік өтірікшіге ғана емес, оны тыңдаушыға да опық жегізеді. «Бір қүмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, зиян- сыз өтірікші болмайды. Ол жалған сөзімен ортан
. «Өтіріктің қүйрығы бір-ақ тұтам» деген халық мақалы өтірік сөздің түбінде шикілігі шығып, оны айтушының масқара болатынына меңзейді. Ондай кісіде, мейлі жас, мейлі жасамыс болсын, ешқандай абырой, бедел болмайды. Халықта бар «Өтірікшінің шын сөзі зая» дейтін мақал соған дәлел. Сонау ерте замандағы римдік шешен қазақ мақалдарын сөзбе-сөз дерлік қайталап: «Өтірікшіге біз, тіпті ол шындықты айтып тұрған кезде де сенбейміз», — депті. Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың өзінің оқу қүралына енгізген мынадай бір шағын әңгімесі бар. Бір қойшы бала күнде: «Қойға қасқыр шапты!» деп ған кесапаты қалмайды. Алда-жалда тілегені болып, аң- дыған кісісі құрған қақпанына түсіп, сағы сынып, жаны жасыса, мұның айызы қанып, бір жасап қалады. Күншілдерді басқаның өзінен артық абырой, атақ, дәу- лет, қызыққа жетуі ғана емес, өзіне теңелуі, тіпті өзінде бар бір тәуір нәрсенің онда да болуы тынысын тарылта- ды, іштерін күйдіріп, жатса-тұрса ойларынан шықпайды. Ең жаманы күншілдіктен әдетте адал еңбегі, ақыл-өнері, адамгершілік парасаты, қайырым-шапағаты, айналасы- на, елге жасаған жақсылығы, әділдігі мен турашылдығы арқылы халық құрметіне бөленген кісілер зардап шегеді.
Тегінде күншілдік, көре алмаушылық, іш тарлық сияқты мінездер асқына келе жан ауруына айналатын әдет- тер болып табыладықтан «Мешкей деген — жак,- сы атақ емес» дегендей, бір жағынан, бейкүнә жандар- дың өмір-шырқын бұзатын, жанын жаралап, төңірегіне іріткі салып, екінші жағынан, өзін аздырып, адамшылық- тан шығаратын мүндай кеселге жан-дүниені шалдықтыр- мау парыз. Әсіресе оның вирусын жас балалардың жаны- на жұқтырмай, оларды адалдыққа тәрбиелеу керек. Өйткені адал адам ешкімді күндемейді.
Тағы бір кеселді қылық — өсекшілдік, өсек тарату. Мұның негізінде де іш тарлық, көре алмаушылық жата- ды. Тағатын кінәсы өтірік болғандықтан, өсекші ашық кү- реске бара алмайды. Жазықсыз адамның сыртынан жа- лалы, жалған сөз таратады. Өсектің талай тамаша адам- ның түбіне жеткені жайындағы қайғылы аңыздар толып жатыр. Бір себебі қүпия жасалатын, мүләйімсіп, жапа шеккенсіп, өзін таңдаушының әуенінетөңкеріліп түрып ай- тылатын жымысқы, қара ниет қылық. «Өркөкіректің өзі жаман, өсекшінің сөзі жаман» дейді халық.
Сондықтан адамдық атағына кір жүқтырмағысы кел- ген кісі ол пәледен аулақ болуға, ұрпағын да солай өсіруге тиіс.Жаман әдеттермен жанаса, жең ұшынан жалғаса әмпей-жәмпей жүретін, кісілікке жатпайтын, абыройсыз қылықтардың бірі — өтірік айту. Оны арғы-бергі заманда өмір сүрген ақылман, дана адамдар ең жексұрын кемістік деп санайды. Халық өтірікші, суайт адамды адам қата- рына қоспайдыөтірік аттандап, жұртты дүрліктіре береді. Кезекті бір сондай «аттан» тұсында күндегі өтірігі ғой деп ешкім елең ете қоймапты. Бірақ бұл жолы шынымен қойға қасқыр шауып, қырып кетеді. Мүның бәрі өтірікшінің жүрттың сенімінен айырылып, қадірі кететінін көрсетеді. Адамның қадірсіздігінен өткен жаман не бар?! Өтірікке үйреніп ал- ған адам шын сөз айта алмайды деген де бар. Әрине жал- ған атаулының бәрі жаман болғанымен, оларды айтылу себебі, мақсаты, зардабының мөлшері, кімнің айтқаны- на қарамай, бір шыбықпен айдауға болмайды. Сондай- ақ «Айтса айта берсін, аузын аяйсың ба, ешкімге содан келіп жатқан зиян жоқ» деп қарайтындар табылады, бірақ айтқандарын жөн деуге болмайды. Беті бүлк етпей, өтірік соғатын адамды қандай сылтаумен болса да, инабатты, тәрбиелі, салиқалы кісі қатарына қосу мүмкінемес. Өтірік өтірікшіге ғана емес, оны тыңдаушыға да опық жегізеді. «Бір қү,малақ бір қарын майды шірітеді» демекші, зиян- сыз өтірікші бо/імайды. Ол жалған сөзімен ортаныбүлдіреді, елге іріткі салады. Жұртты алаң қылып, адам- дардың бір-біріне деген күдігін күшейтеді. Ал сенімсіздік жайлаған қоғамның ғұмыры қысқа.Өтірік құбыла, сапасын өзгерте келіп, мүләйімдік, көлгірсу, жағымпаздық, нақақ жала сияқты жағымсыз, кеселді әдеттерге айналуы мүмкін. Бұлардың ішіндегі айтпағанын айтты, істемегенін істеді деп, обал-сауапқа қарамай, ақ адамды нақақ қаралап, жала жабу барып тұрған мүттәйімдік, құдайдан безген имансыздық болып табылады.Жағымпаздық, екіжүзділік — пасықтарға тән жиіркенішті қылықтардың өзара түбірлес, мәндес түрлері. Мүндай қылыққа үйір адамдар қандай амал-айламен болса да, со- ның ішінде, көбінесе, өз басының қадір-қасиетін аяққа тап- тау, құлша қүлдық үру, өтірік ант-су ішу арқылы өз пайдасы үшін басқаны алдап қолға түсіруді ғана ойлайды.
Менмендік, мақтаншақтық, мылжыңдық, ызақорлық, даңғойлық сияқты қылықтар да әдепсіздікке жатады.Сайып келгенге, мынау бес күндік жалғанда өзі адам- шылық, имандылықжолыменжүріп, өсіп кележатқанүрпа- ғын сол абыройлы үрдіске түсіргеннен опалы таңдау жоқ болса керек.Ал енді маскүнемдік, темекі тарту, нашақорлық адам- ның, әсіресе жаны да, тәні де балғын жастардың денсау- лығына өте зиянды әдеттер болып табылады.
Темекінің бір жапырағында аса улы зат — никотиннің мөлшері 9 пайызға жетеді екен. Онда басқа да денсау- лыққа зиянды заттар бары белгілі. Сондықтан оны тарт- қан адамның ағзасы уланып, жүйкесі бұзылып, тыныс мүшелері зақымданып, қан айналымы бүзылады, сөйтіп, адам өкпе, жүрек ауруларына оңай шалдығады. Осы таяу уақытқа дейін темекідегі ең улы зат — никотин деп есептеліп келсе, енді одан да өткен қауіптісі — темекі түтінінің радиоактивтілігі болып шықты. Онда радиоактив- 208 ті полоний деген зат болады екен де, оның өңешке түсіп, жиналуынан өкпеде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін екен.
Адамзаттың арақ пен есірткіден шегіп отырған қасіреті сүмдық. Бүл екеуінің талай есіл ерлерді адам қатарынан шығарып жібергенін, талай құт шаңырақ, үйы- ған отбасын ойран етіп, талай ата мен ананың, ару жар- дың, ұл-қыз бен сәбилердің өмірін өксітіп, жүректерін қан жылатып, ел бетіне қарағысыз күйге жеткізгенін айтып тауысу мүмкін емес.
Бұған спиртті ішімдіктер мен есірткінің алдымен адам миына зиянды эсер етіп, орталық нерв жүйесін зақымдауы себеп болады. Олардың аз ғана мөлшерін қабылдаған- ның өзінде орталық нерв жүйесіне бірден эсер етеді.
Мүхаммед Пайғамбар езінің хадистерінде: «Арақтан сақтаныңдар, өйткені ол барлық жамандық атаулының көзі болып табылады», — деп, үмбеттеріне қатты ескерт- кен. Сондықтан да күні бүгінге дейін мұсылман елдерінің көбінде арақ өндірілмейді де, дүкенге детүсірілмейді. Ол елдерден арақ ішіп, мае боп жүрген адамды күндіз қолыңа шырақ алып іздесең де, таба алмайсың.
|