Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет234/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   292
«Қайдасың, қасқа құлыным» повесінен

Тау түні


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8546&Itemid=23
Үшеуміз далаға жаттық. Ортада әкем, оң жағында мен, сол жағында Қаршыға.
Біз үшеуміз, бір бөстекті төсеніп, бір көрпені жамыпып, бір жерде, бір аспанның астында қатар жатырмыз. Біз үшін дүниеде екі нәрсе жоқ, бәрі біреу-ақ.
Біз бір бүтінбіз, екіге ешкім бөле алмайды. Ал бөлінсек, қайта бірігу өте ауыр екенін білеміз. Сарқынды шал бөлініп еді, кәне біріккені...
Біздің шыққан жеріміз, уа, барар жеріміз, уа, жолымыз, арман, мақсатымыз - бір.
Біз әсте ойламай, ойланбай ғұмыр кешкен емеспіз, әсіресе, жылқының жусағанындай тынышты, айлы түнде ешкімнің мазаламауын, ұйқымыздың бұзылмауын тілейміз. Құс ұйқы болған - Сарқынды шал мен әкем ғана.
Біз жұлдыздан алқа тағынған алқара аспанға қарап, шалқамыздан жатырмыз. Осы жасқа дейінгі өміріңізде айлы түнде, ашық аспанның астында тау ішіне түнеп көргеніңіз бар ма?! Егер далаға түнеп көрмесеңіз - айналайын табиғаттың қадірін түсініп, айналайын табиғаттың бел баласы екеніңізді біле бермегеніңіз. Менің сіздерден шыншыл пейіл, адамдық, жүрекпен сұрарым: мейлі жас болыңыз, мейлі бір елге бас болыңыз, кіндік кесті жұртыңызда ашық аспанды жамылып жатып түнеңіз, сіз сонда ғана туған жердің неге ғана ыстық болатынын парықтайсыз; мүмкін табиғат анаға жасар мың-миллион қиянатымыз бұдан әлдеқайда азаяр ма еді, далаға түнеп көрсек біз.
Мен ойлаймын: ғашық болуды, тек табиғаттан ғана үйренуіміз керек-ау; жүз кітап оқығаннан, жүздеген елді аралаған туған жердің топырағына аунап, далаға түнеген әлдеқашан да озық-ау; бағанағы сазған жүрегімді әдемі мұң қабыздап баяу ғана соғады; айналаны қоршаған асқар таулар маужырап, маужыраса да менің бейбіт ұйқымның сақшысындай, ал сол тау қойнауынан ескен жібек самал жұмыр жердегі сандаған сұмдықтың бар иіс-қоңысын желпіп, бізге жолатпай аластап, маңдайдан сипап, уатады, шаршаған жігерімізді; жұмыр жердегі ыңырсыған, жылап-сықтаған үн де бір сәт адыра қалғандай; ұйқы мен ояудың, өң мен түстің екі ортасындағы мәңгі қайталанбас ең тәтті хал меңдеп, осындай жуас түн, оңаша ойдың тағы бірде қайталануын мінажат айтып тілеп жаттты. Біздің осыншалық бақытты шағымызға әлдене жетпейтін - біз әлденені елегізе іздеп едік, ол "Желсіз түнде жарық айды" шырқап салған Алтайдың әнші қызы Бибігүлдің әні еді; десем де, жүрегінде құлағы бар адам уылжыған сезімнің құшағында жатқан түн арудың өзі таң-тамаша ән салып тұрғанын сезер еді; ол ән - өмір әні, ертеңгі атар таңның тазалығын көксеген табиғат ананың айтар иманы, бұл әнді тындау кез-келген адамға жазбаған, осынау түн ару шырқап салған әнді уыстап, ұлы шайқастарымның дұғасы ретінде алып жүрсем, әмсе жеңіске жетерімді білдім; осынау туған жердің топырағын бой тұмар қылып тағып жүрсем, әмсе жұлдызым оңынан туып, халқыма, қаныма деген адалдығыма қылау түспейтінін білдім; осынау Әулие көлдің суын ішірткі қып ішсем, алдағы басар асуымның аңызақ, шелінен сусамай, кенезем кеппей, кең сарай ғұмыр кешерімді білдім; ал әкем мен бауырымның ыстық қойнына жылында, тым болмағанда, жалғыз рет жатып кетсем, бақида жалғызсырап, бақида жаурамайтынымды білдім; мен қалада жүріп жалғызсыраған, жабырқаған көп-көп күндерім мен түндерімнің қап-қара жамылғысын сілкіп тастап, тәкаппар тауымның аппақ сағымына, жаңа туған баланың дақ түспеген санасындай таза торғын нұрға шомылдым. Уа, уа, жәмиғат, мен тағы да қайта тудым, қайта туғызған тағы да табиғат, артық суреттедің деп жазғырма!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет