Патриотизм (49-53) беттер
Патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екенінді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды кушейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі кунімен және болашағымен қарым-қатысын біріктіреді.Отанға деген сұйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдык тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.Барлық кезде патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудан, кобінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу кажет. Осы мәселеге қатысты мен 1941 жылы «Үкім» деген атпен бірнеше бетке ой-пікірімді жазған едім, ол ойларым Александр Бектің «Панфиловшылар алғы шепте» деген алғашкы повесінде толық түрде керініс тапты, сондықтан мен осымен шектелгім келеді.
Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі, онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен үлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Үлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл Ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен касиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты. Мұнын бәрін міндетті түрде есепке алу үшін әрі бұл сезімді әскерлерге күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып, патриотизм, отанға, үлтқа сүйіспеншілік ұғымының жалпы арнасына бағыттап жіберу үшін білу қажет. Менің қолжазбамда былай деп жазылған: «Қазіргі заманғы соғыс -- саяси соғыс, біріккен ұлттардың соғысы болып табылады, оған біздің Совет мемлекетінін барлық халқы. қолына қару алып қатысуда. Олар бірлесе күш салғанда ғана жеңіске жетеміз». Әрбір командир жауынгердің бойында патриоттық, сезімді дамыту үшін күнделікті, практикалык әрі дүрыс та саналы түрде жұмыс жүргізудің сөзсіз қажеттігін терең түсіне білуі тиіс... Барлық халык барлық ұлы да тамаша нәрселер жасауға қабілетті. Біз үнемі лайықты бауырмалдық қарым-қатынас жасауға әрі кез келген ұлт пен халықты құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек.
¥лы орыс ұлтының орта тобынан шыққан кейбір өкілдері басқа шағын халықтарға «екінші сортты» адам деп ойлап қараушылығына мүлдем жол бермеу керек, мұндай қате, мәдениетсіздік көзқарас өте зиянды. Өкінішке орай, олар мұндай көзқарастарымен үлттық тудағы асқақ озық жоғарғы идеяны шовинизмнің жиіркенішті ұсақ-түйегіне айырбастай отырып, бірінші кезекте, ең алдымен өз ұлтының ұлы абыройына кір келтіреді. Орыс жолдастарға қатысты бұл кесірлілікті Калинин «орыс берекесіздігі» деп атаған.
Практикалық жұмыста барлық кезде де ұлтшылдық пен ұлттық рух ұғымын ешқандайда шатастырып алмау жағын үнемі есте ұстау керек. Мынаны білген жөн, ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылык, антогонизм жатса, ал ұлттык рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы баска халықтарды сүю мен құрметтеу тән.
Кейбір республикаларда ұлттык мәдениет пен тілдің негізі қорғалмайды, мүның өзі ең алдымен осы республиканың басшылары мен коммунистеріне абырой әпермесе керек, өйткені марксизм бұл негізді түп тамырымен жоюға қарсы, марксизм керісінше, барлық жағынан: түрі жағынан ұлттык, мазмұны жағынан социалистік мәдениетті жалпы адамзаттық мүдде тұрғысынан дамытуды көздейді, сондықтан да кімде кім мәдениеттің негізін бөлшектеуге жол берсе, ол адамға барлық жағьінан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |