Ойлау — алған әсерлерді өңдей отырып, объективті шындықты бейнелейтін танымның жоғары сатысы.
Сенімділік — бұл заттар мен құбылыстар туралы, болып жатқан нәрсе туралы нақты ұғым мен оның зардабы туралы айкын түсінік. Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беругенемесе жеке іс-қимылға шақырады, дереу әрекет жасауға итермелейді.
Күдік — алған әсерді шала әрі айқын сезіне алмаудың, түсіне және өндей алмаудың салдарынан ақылдың арса болуы, ойдың және толқуы... Күдік корқыныштың бір түрі, соғыста толқуы-- бір нәрсеге шешіліп тәуекел ете қоюға, бір нәрсеге әрекет қылуға мүмкіндік бере коймайтын, көбіне сасқалақтап асып-сасуға дейін жеткізетін оте кауіпті, көбіне залалды астан-кестен болған ішкі дүниенің күйі; жаңыла бастаған адам, басқаларды да есінен жанылыстырады.
Ес—бұл ақыл-ойдың бастан өткен әсерлерді өз қалауынша қабылдау сақтау және қайта жаңғырту қабілеті. Ол тәжірибені негіздеуге қызмет етеді. Ес алдағы пайдалы қызметтер үшін сетті және сәтсіз әрекеттерден тағылым ала отырып құбылыстарды сұрыптап, жинақтайды. Бізге бұл әділ түрде тәжірибеден үйрену, басқалардың тәжірибелерін жинақтап, зеттеу ұсынылады. Әрине, жеке тәжірибе -- ұлы іс, ол санада терең із қалдырады, дегенмен де оның да аясы тар,сондықтанда басқаның тәжірибесі мен зердесіне, оларды үйрену мен жинақтауға ерекше көңіл бөлген жөн, бұл кезкелгшен ойлы офицердің парызы әрі оның жеке басының іштей өсуінің құралы болуға тиіс.