Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


М. Мағауин.« Көк мұнар» романы, Алматы, Раритет, 2004 ж (73-74)бет



бет276/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   292

М. Мағауин.« Көк мұнар» романы, Алматы, Раритет, 2004 ж (73-74)бет


Адамдық парыз
Адам-Ата мен Хауа-Ана әу баста адам – адамға жол-дас, дос, бауыр деген ізгі қағида жөнімен ғана өмір сүр-ген көрінеді. Рас, Адам-Ата диссертация қорғау жайында, бүкіл әлемдік проблемалар жайында, Африкадағы зәңгі-лердің ұлт-азаттық күресі, Америкадағы үндістердің аянышты тағдыры жайында ойланған жоқ. Хауаның да қолы бос-тын: әртүрлі мамандықтар беретін институт, университеттердің ашылмаған кезі, тіпті әйелдердің ер-кектермен тең қүқығы, олардың өндіріс орындарында жүмыс істеуі немесе мекемелерде қызмет атқаруы әлі күн тәртібіне қойылмаған. Жалпы, Адам мен Хауаны еңбек етіп табыс табу, түрмыс-тіршілігін жақсарту, ішіну, киіну сияқты мәселелердің ешқайсысы толғантпайтын, олар Алла тағала уатабараканың өзінің қамқорлығы арқасын-да, қүдыретті жаратушы иемнің өзінің кең пейілділігі ар-қасында ештеңеден мүқтаждық көрмеді, қалағанының бәрін ақысыз, пүлсыз тегін алып, еңбексіз, ойсыз күн кешіп жатты. Олардың қайғысы жоқ еді. Соған орай ар-ман, мақсаттан да мақрүм-тын. Олар рақат пейіш ішінде жүрміз деп қуанатын, ал шын нүрлы пейіштің не екенінен мүлде бейхабар еді. Өйткені олар дүниеде махаббат, сүйіспеншілік дегеннің барын білмейтін. Оларға мәлім махаббат – екі аяқты, жүмыр басты пенделердің арасын-дағы жүпыны достық қана еді. Олар біз бақыттымыз деп ойлады. Шынында, махаббат жоқ жерде бақыт бар ма – екеуі де бақытсыз-тын. Ақыры, күндердің күнінде олар өздеріне беймәлім қүпия сырға қанықты, жаңа бір әлемнің есігін ашты. Өзге дүниені үмытқан Адам мен Хауа ақыл естен айрыла қүмарлық дариясына шомып, бойларын жайлаған жалынды басар еді. Әйткенмен, қоңыр салқын ағысқа бір мезет қана шомған ыстық денелер көп үзамай рақат күйді қайта тілейтін. Ойын жаңадан басталар еді. Екеуінің басқа ермегі болған жоқ. Махаббат деген осы екен ғой деп ойлады олар. Өмірге ризамыз, бақыттымыз десті.
Бірақ екеуі де бақытсыз еді. Өйткені, дарқан жүрек, пәк көңілдің иелері бола тұра, жан құмарлығы дейтіннен мақрұм қалды. Қасиетті сезім сарайының есігінен сыға-лар-сығаламастан, жан-жағына бажайлап қарауға мүрша-лары келмей, сырты сәндірек көрінген, ішкі әшекейлері алдамшы, тән қүмарлығы атты басқа бір ғимаратқа еніп кетті. Махаббат – осы екен деп ойлады. Мұның махаббат емесін, өздерінің ет қызуымен әлденеден аттап кеткенін, әлденені ұмыт қалдырғанын екеуі де сезінді, тек кеш сезінді. Өткенге қайта айналар жол жоқ еді. Көп үзамай Алланың қаһарына үшырап, олар үжмақтан қуылып жерге түсті, содан соң Қабыл туды, одан соң Әбіл туды, күнделікті тіршілік күйбеңі, күнкөріс қамы келді, ойла-маған жерден тағы басқа да көптеген машақат пайда бол-ды. Әйтеміз, бүйтеміз деп жүргенде өмір оза берді, екеуі де қартайды, бойларынан қуат тайды, ақыры, шынайы, пәк махаббат дегеннің не екенін білмеген күйлерінде жер қойнына енді, дене мүшелері шіріп, тозып, қайтадан то-пыраққа айналды. Өкініші кетпес іс, тек кейінгі үрпақта-ры көңілге медеу етер жай: екеуінің жан қүмарлығы, таза махаббат дегенді ысырып тастап, бірден өндірістік міндет-теріне кірісуі – сол кездегі қолайсыз тарихи жағдайлар-дың нәтижесі еді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет