Өмір сүргім келеді (10-11) беттер
(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)
Біз едәуірден бері достасып келеміз; бірак кездесуіміз осы майдан үстінде болса да, тіпті әлдекашаннан бергі достар сияктымыз, Федя орыс. Вася белорус, мен қазақпын. Неше рет атакаға бірге кірдік, неше рет бір киімнің астында бірге жаттық. Неше рет жаксы көретін асбасшымыз Абдулқаюм пісірген тамақты бір шелекшеден бірге жедік.
Достарым үндеспей қалды, әрқайсысы оз ойына батып кетті білем. Майдандағы үлкен семья, жаны бір достар семьясыз өткен өмірін ойымен барлап, өзіне-өзі есеп беріп. дем алып жатыр. Бұл – соғыс алдындағы демалыс.
Тыныштык. Жел үнсіз, жапырақ тілсіз, құстар әнсіз. дүние түгел қалғығандай. Атылған оқ, жарылған бомба гүрсілі де естілмейді. Ғажайып бір үнсіздік; тым-тырыс. таңертеңгі жер сілкінтердей қан майданның алдындағы тылсым тыныштық.
Міне, мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп, әр күнімнің ізіне түсіп отырмын, алыстан бастап, дәл бүгінгі түнге жеттім. Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан өдемі шак, кымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағын, бала кезін; одан соң оқумен өткен он жылың, одап кейін – армия, майдан. Шынын аіітканда, менің өмірім, қазақтың жас жігітінің өмірі жана ғана басталды.
Міне, тап бугінгі түнде, таңертеңгі ұрыс алдында, туған елім мен барлық халқыма, тіпті барлық адам баласына мен омірден алатын еншімді алғаным жок әлі. мен омірді қатты сүйемін, мен өмір сүргім келеді, – деп бар даусыммен айғайлағым келеді. Мен мүны ертен, мені олтірер-ау деп коркып айтып отырғаным жок. Жоқ, Федя мен Вася жолдастарым сияқты, мен де аянбаймын. Мен согыстың барлық кауіп-қатерін де білемін, нар тәуекелге нені салып отырғанымды да білем. Мен үшін ертенгі күннің ерекшслігі де осында.
Горький: «Адам дегеи – айбарлы үн», - деген. Мен алыска сол адам болып кіргім келеді. Мен жиырмасыншы ғасырдын биік белінде, асқар шыңында тұрған адаммын. Софоклдан Ленинге дейін, Гомерден Горькийгедейін, Бахтан Шостаконичке дейін адам баласы ұзақ өмір сүріп, ғасырлар бойы мәдениет байлығын жасап келеді. Сондыктан біздің тұс адам баласының ең бір бай ұрпағы.
Біз бұл бай мұраны қашан да қасиеттеп ерекше сүйіп. қорғап келдік. Біз оны жанымызбен де, жүрегімізбен де айрықша бағалаймыз. Бұл мұра әсіресе қазақ елі үшіи бағалы. Талай ұмытылмас ұзақ түндерді мен кітаппен өткізуші едім. «Илиададан» бас көтермей, Бальзактың коп томды «Адамшылык комедиясына» батып кететін едім. Толстойдың бізге бергенінде есеп бар ма!
Данқың зор орыс әдебиеті, мен сені мадақтаймын! Мені тәрбиелеп өсірген сеисің. Осы мынау ауыр күндерде Андрей Болконскийді, Тарас Бульбаны, Павел Власовты есіне алмайтын кім бар екен! Жалғыз солар ғана ма еді!..
Біз поэзияны сүйетін едік. Бос уакытымызды философияға беретін едік. «Адам жүрегімен сөйлескің келсе – музыканы үйрен», – деген сонау бір композиторға біз неше рет алгыс айттык екен! Біз музыканы журегімізбен тындаушы едік, біз Шостаковичті тыңдағанда желпініп, көтеріліп кетуші едік. Біз оның жетінші симфониясын әлі есги алған жоқпыз. Окасы не, оны тыңдайтын уақыт та алыс емес шығар.
Ие, біз білімге тоймайтын адамдар едік. Біз қол бос болғандыктан. іш пысқандықтаи емес, білімді болу үшін оқитынбыз. Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып,мұраға мұра коса алатын мәдениетті адам болу үшін оқитынбыз. Біз оны істей аламыз, мұраға мұра коса аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |