Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр
Өлеңіңді ешбір ғасыр өшіре алмас өрт батыр,
Намысыңды дәуірінде еткізбеген қақпақыл
Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің жырың шекарада әлі кұнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мебала,
Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.
Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты
Толғандырған, таң қалдырған
Махамбет пен Сен ғана.
Адамдықсыз ақындықжоқ, тырмыссаң да жан сала,
Жомарттықсыз тағы алысқа шабамындеп шаршама,
Батырлығың қанша болса ақындығың соншама.
Тіпті өзінді сидырмаған даңқтың тар төріне
Мені бірге ап шыққың кеп арпалыстың қаншама.
Заманының ыңғайына жүрмей кеткен, іңкәрім,
Саһ өнерде қызғанышты білмей өткен, іңкәрім,
Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен, іңкәрім
Жер астынан сәлем жолдап жатырсың
сен күн сайын,
Қазағымның мандайына симай кеткен, сұңқарым.
Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің,
Сондықтан да сенің даңқың, сенің салтың көгерсін.
Сайын далаң жырыңды еске ап
күлкісін сәл шегерсін.
Әр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шың бар
Ол - ақындық мәрттік шыңы,
Айбергенов деген шың... *
Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана,
Айбергенов шыңын көрсең атыңнан түс, жас бала!
Достарыңызбен бөлісу: |