Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет41/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   292
ЛУНЬЮЙ - ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР
Ұстаз айтты:
Егер кімде-кім ізгілікті сезімнен биік қойса, әке-шешесіне беріле қызмет етсе, патшаға қызмет жолында өзін құрбан етуге дайын тұрса, достарына адал болса, сауаты болмаса да, оны ғалым десе жарасады.
Ұстаз айтты:
Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне ыждағаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Осы міндеттерден артылған уақытта кітап оқысын.
Ұстаз айтты:
Адалдық пен туралыққа ұмтыл, өзіңе тең көрмеген адаммен достаспа, өз қатеңді түзетуден қорықпа және тартынба.
Ұстаз айтты:
Ескіні ұмытпай, жаңаны игерген адамды ұстаз десе болады.
Ұстаз айтты:
Баланың ата-анасын сыйлауы оларды заттай қамтамасыз ету ғана деп түсінетіндер бар. Бірақ, жануарды да амтамасыз етеді ғой. Үлкенге құрмет дегенде осы айырмашылықты білген жөн.
Ұстаз айтты:
Адамгершілік бар жер жанға да жайлы. Ақылды кісі таңдау бола тұрып оны таңдамауы мүмкін бе?
Ұстаз айтты:
Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді.
Ұстаз айтты:
Адамгершілік деп нені айтамыз? Егер кісі өзін-өзі ел ішінде жүргенде мықты бір ұлықты күтіп алуға жүргендей болып ұстаса, өзіне қаламағанды өзгеге жасамаса, ел ішінде бүлік салмаса, үй ішінде де ұрыс-керіске себепкер болмаса, онда ол – адамгершілік иесі.
Ұстаз айтты:
Ойы биік адамдар және адамгершіл кісілер өз өмірін сақтап қалу үшін адамзатқа зиян келтірмейді, тек соңына дейін адамгершіл болу үшін өмірін қия алады.
Ұстаз айтты:
Төрт нәрседен бойыңды аулақ сал:

  • өнбес ойға берілу;

  • үзілді-кесілді болу;

  • айтқанына қайтпайтын қыңырлық;

  • жеке басын ғана ойлау.

Ұстаз айтты:
Ізгі кісі тоғыз ойды есінде тұтады:

  • қараған кезде анық байқады ма;

  • естіген кезде дұрыс естіді ме;

  • өзінің бет-әлпеті тартымды ма;

  • сөзі шыншыл ма;

  • іске дұрыс көңілмен қарай ма;

  • күмән туса ақлдасуға дайын ба;

  • ашуланса соңы теріске айналып кетпей ме;

  • қандай жетістіктерге болса да жеткенде онысы әділетті бола ма.

Ұстаз айтты:
Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек:
Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.
Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді;
Екіншісі – барлығын бағындырады;
Үшіншісі – адамдардың көңілінен сенім ұялатады;
Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді;
Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.
Ұстаз айтты:
Ұлы адам – туғаннан біліп туады, келесісі – оқып біледі, одан кейінгісі – керек кезде оқиды, ең соңғысы керек кезде де оқымайды.
Ұстаз төрт түрлі нәрсеге үйретті:
Бірінші – кітапты түсініп оқуға;
Екінші – адамгершілікті сақтауға;
Үшінші – Отанға адалдыққа;
Төртінші - әділдікке.
Аударған К. Мырзагелді. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 283-297 - беттер.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет