Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарға
Жақсылық көрсет, соған лайық жандарға.
Көршіңе қажет нәрсе сенде бар болғанда:
Ертең кел, сонда беремін деп оны қайтарма.
Жаныңда бейқам тұрып жатқан көршіңе
Ешқандай қастандық сен ойлап жүрме.
Өзге жан саған жамандық жасамаса,
Еш себепсіз онымен жанжалдаспа
Озбырлық жасайтынмен бақ таласпа;
Теріс жолдарының ешбірін таңдап алма.
Азғын жанды Жаратқан Ие жек көреді,
Әділ жанға өз еркін ашып білдіреді
Жаратқан Ие зұлымның мекенін қарғайды,
Ал әділ адамның.шаңырағын жарылқайды.
Ол мазақтаушылардың өздерін мазақтайды,
Ал езілген кішіпейлдерге рақымын сыйлайды.
Даналар қадір-құрметті иемденеді,
Надандар болса, масқараны иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |