НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет251/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы: 
дәстүр мен жаңару
1992 жылдан бастап, әр бес жыл сайын өтіп тұратын Дүниежүзі қазақта-
рының құрылтайы – Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мәдени өмірі-
нен өзінің берік орнын тапты.
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы 2017 жылы 22–25 маусымда 
Астана қаласында шақырылды. Оған шетелдегі қазақ диаспорасы мен 
отандық зиялы қауымның алты жүзден аса өкілдері қатысты. Құрылтай ая-
сында «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» деген тақырыпта халықара-
лық конференция өтті.
Өз сөзімде Қазақстан тұңғыш құрылтай өткізгеннен бергі 25 жыл ішін-
де көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтіп, жаңа «Рухани жаңғы-
ру» бағдарламасына және рухани жаңғыру шеңберінде жүзеге асырылып 
жатқан алты жобаға егжей-тегжейлі тоқталдым. 
Сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін шетелдердегі отандастарымызға 
көмек қолын созудың өте маңызды екендігін де атап өттім. Бұл көмек 
тұрақты және жоспарлы болуы үшін шетелдердегі және атамекеніне 
оралған қазақтарға көмектесетін «Отандастар» қорын құруға, сондай-ақ 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, кешенді бағдарлама 
дайындауға тапсырма бердім. Бұл бағдарлама – көрші елдерде тұратын 
қандастарымызға телехабарларды және баспа өнімдерін таратуды, Қа-
зақстанға жұмыс істеу үшін келген кәсіби мамандарға бейімделу тетігін 
үйретуді, еліміздің оңтүстік аймақтарынан солтүстікке қоныс аударушы-
лар бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастырумен айна-
лысуды көздейді.
Мен шетелдерде тұратын отандастарымызға шынайы ыстық лебізімді 
білдіріп, атамекендерін ұмытпауға, елімізге жиі ат басын бұрып, атаме-
кенімен байланысты нығайта түсуге шақырдым. Қайда жүрсе де қазақтың 
тарихи Отаны біреу-ақ. Ол – Қазақстан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет