НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет252/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Демографиялық өсім
Жаңа онжылдықта Қазақстан халқының саны өсе түсті. 1991 жылғы дең-
гейден асып түсіп, 2011 жылы 16,5 миллионға жетті. 
2005 жылы қыркүйек айында өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрыл-
тайында мен, он жылдың ішінде тұрғындардың санын 17 миллионға дейін 
жеткізу қажеттігін міндет етіп қойған болатынмын. Өйтпеген жағдайда Қа-
зақстан шетелден жұмыс күшін тартуға мәжбүр болады деген едім.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
419
Онда 2005 жылы ел тұрғындарының саны 15 миллион адамды құраған 
еді, ал сарапшылар 2015 жылы оның саны 2 миллионға өсетініне күмәнда-
на қараған. 
Алайда өмір шындығы қасаң ойлайтындардың болжамын жоққа шығар-
ды. Қазақстан белгіленген демографиялық көрсеткішке екі жыл бұрын қол 
жеткізді. 17 миллионыншы еліміздің тұрғыны 2013 жылы мамыр айында дү-
ниеге келді. 
Экономикалық даму және мақсатты түрде жүргізілген мемлекеттік сая-
сат демографиялық өсімге өзінің игі ықпалын тигізді. Он жыл ішінде – 
2005 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстанда бала туу көрсеткіші 42 про-
центке өскен.
Бұл өсім – 2010-шы жылдардың ортасындағы жаһандық экономикалық 
тұрақсыздыққа қарамастан жалғаса түсті, сонымен бірге адам өлімінің көр-
сеткіші төмендеді және табиғи өсім арта түсті. Нәтижесінде, 2017 жылы Қа-
зақстан халқының саны 18 миллион адамнан асты. Тәуелсіздік жылдарын-
да барлығы 7 миллион кішкентай қазақстандықтар дүние есігін ашты. 
2013 жылы қарашада Үкімет 2014–2016 жылдардағы көші-қон проблема-
ларын шешу бойынша Кешенді жоспар жасап бекітті. Ол ішкі және сыртқы 
көші-қонға бақылауды күшейтуді, отандық кәсіби мамандар үшін қолайлы 
жағдайлар туғызуды, сондай-ақ шетелдік жоғары кәсіби мамандардың ке-
луі үшін көмек қолын созуды көздеді. Ал мұның бәрі – адам капиталының 
сапасын жақсартуға жәрдемдескені сөзсіз.
Индустриалды-инновациялық дамуды жақсарту үшін қалаларға қоныс 
аударуды тоқтатпау және еңбек ресурстарын қайта бөлу, ауылдық мекен-
дерден жұмыс күштерін қалаларға қарай бағыттау өте маңызды болды. 
Дәл осы мәселені мен, 2015 жылы наурызда «Нұр Отан» партиясының 
XVI съезінде көтерген болатынмын. 
2015 жылғы қарашада көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бой-
ынша заңнамалық актілерге толықтырулар енгізілді. Ал бұл өз кезегінде – 
этникалық қазақтардың елімізге оралуына, отбасыларымен қауышуға және 
кәсіби мамандарды тартуға көп септігін тигізгені анық. Еліміз тәуелсіздік 
алғаннан бергі жылдарда барлығы тарихи Отанына келіп, оралман мәрте-
бесін алған қазақтар саны 1 миллионнан асқан.
Көші-қонды реттеп отыру үшін келушілер мен кетушілердің есебін жүр-
гізетін бірегей банкі құрылды. Қазақстанға келген шетелдік мамандар 2017 
жылдан бастап аттестациядан өткізіледі және талап етілетін кәсіптер бой-
ынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін, олардың мамандықтарын 
куәландыратын балдық баға беріледі. Сонымен бірге, жеңілдік ыңғайында, 
қазақстандық оқу орындарында оқып жатқан этностық қазақтарға атаме-


420
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кендерінде қалу үшін Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайла-
тылған тәртіппен алу құқығы берілген. 
Қазақстан халқының басым бөлігі жас. Тек 2016 жылдың өзінде елде 400 
мыңнан аса сәби өмірге келді. Қазақстандықтардың орта жасы – 31 жас.
Өткен онжылдықтар ішінде орташа өмір ұзақтығы артты. Егер 2005 
жылы ол 65 жас болса, 2015 жылы 71 жастан асты. Алайда ерлер мен әйел-
дердің өмір жасының ұзақтығы арасындағы айырмашылық бұрынғысынша 
жоғары. 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланған тұста Астана миллион тұрғыны бар 
қалаға айналды. 2016 жылы шілде айында Қазақстанның астанасында мил-
лионыншы тұрғынның өмірге келуі – символикалық мәнге ие болды. Болжам 
бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллион адамнан 
асады. ХХІ ғасырдағы мемлекеттік міндеттердің ауқымдылығын ескерсек, туу 
көрсеткішінің тұрақты түрде өсуі стратегиялық мәнге ие болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет