Нұсқа – 1 Аты-жөні бейіндік пән ескерту


Мәтін бойынша Ш.Ш. Уәлихановтың штабс-ротмистр шенін алуына себепкер болған оқиғаны анықтаңыз



бет2/17
Дата20.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#187098
түріШпаргалка
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
11V11entKZ
1 Құрлықтағы қозғалыс, 10 Гаусс әдісі, 11КО, 11КО
Мәтін бойынша Ш.Ш. Уәлихановтың штабс-ротмистр шенін алуына себепкер болған оқиғаны анықтаңыз:
A)«Манас» жырын жазып алуы
B)Қашқар жеріне сапары
C)Қазақ жерінің картасын жасауы
D)Черняев экспедициясына қатысуы
E)Аға сұлтандық қызметі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1-мәтін
«Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, халық өлшемі анық өлшем десек, қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Оларды салмақ, көлем, мөлшер, ұзындық, қашықтық, уақыт, мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады. Салмақ өлшемдерін халық былайша жіктеген: мысқал (1 г), қадақ (750 г), пұт (16 кг), батпан (100 кг). Халық бұл өлшемдермен бірге «салмағынан жер ойылғандай», «түйеге жүк болғандай» деген бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып, ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
1. Халық жіктеуі бойынша 1 киллограмға жуық салмақ өлшемі
A)пұт
B)мысқал
C)батпан
D)қадақ
E)жеңіл
2. «Түйеге жүк болғандай» деген өлшемге сәйкес келетін нұсқа
A)батпан
B)қарыс
C)мысқал
D)қадақ
E)елі
2-мәтін
1. Наурыз – ежелгі мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандарда орын алған. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі «сумалақ» көжесін ұсынады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, асық т.б) ұйымдастырады.
2. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып амандасып, төс қағыстырады. Әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған Наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен қауышуды білдіреді.
3. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз-жарым жандарды үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедек жандарды жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген.
4. Осы күні алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, асық ату, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
3. Мәтін мазмұнынан тыс нұсқа
A)Жыл басы
B)Үйді аластау
C)Ежелгі мейрам
D)Наурыз көже
E)Отқа май құю
4. Ауыл ақсақалдарының игі істері айтылатын азатжол
A)2
B)4
C)2, 3
D)1, 4
E)3
5. Мәтін мазмұны бойынша ой реттілігі
1. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады.
2. Бірін-бірі Наурыз көже ішуге шақырады.
3. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған.
4. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген.
A)4, 2, 1, 3
B)3, 4, 1, 2
C)1, 2, 3, 4
D)2, 4, 3, 1
E)3, 2, 4, 1
6. Қазақ халқының Наурыз күнгі мерекелік дәстүрі
A)ер адамдар төс қағыстырады
B)үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі
C)жеті дәнге қарап болашақты болжайды
D)«сумалақ» көжесін ұсынады
E)үй қабырғасына ою салады


3-мәтін
1. Қазақтар арасында қыз ұзату мен үйлену тойлары бірнеше күнге созылып, бәйге, көкпар, қыз қуу, күрес, жамбы ату, т.б. ойындармен жалғасады. Осыған орай, халқымызда «отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізді» деген теңеу сөз қалыптасқан. Қазақ халқының тойлары ойынсыз өтпеген. Ойын-той тіркесінің бірге айтылуы да осыны дәлелдейді.
2. Қыз ұзату тойының алғашқы күні «отау жабар» деп аталады. Қыздар жігіттерге моншақ, орамал, ал жігіттер теңге, сақина, т.б. сыйлықтар берген. Ұрын келу, қызқашар рәсімдері барысында тобық жасыру ойындары да жүргізілген. Яғни жігіт өзінің сөзі жарасқан, көңілі түскен қызына немесе қыздың жеңгесіне қойдың тобығын берген.
3. Неке қию күні күндіз өткізілетін ат ойындарының бірі – мүше тарту. Оған сауық құрғысы келген кез келген адам қатыса алады. Ертеректе қыздар да қатысқан. Салт аттының бірі ақша түйілген шыт орамалды алып, шаба жөнеледі, оның артынан «мүшені» алмақ болып, басқалары шаба жөнеледі. Орамал қолдан-қолға өтіп, салт аттылар шаршағанша жалғасады.
4. Қыз ұзату, үйлену тойының екінші күнінен бастап күндіз «көкпар», «көкбөрі», т.б. ат ойындары өткізілген.
5. «Күміс алу» ойыны да ептілікті талап етеді. Ол үшін ат үстіндегі жігіт қатты жылдамдықпен шауып келе жатып, күміс теңге түйілген шүберекті жерден іліп алып үлгеруі керек. Егер алса, теңгені олжалайды.
6. Қыз ұзату тойында орындалған ойындардың бірі – үй мүшелеу. Бұл ойын әдетте неке қию рәсіміне дейін, бәйгеден соң болады. Бәйгеге қатысушылар ұятқа қалмас үшін, ең жүйрік деген аттарын алып келеді. Үйді қоршалап, отау үйдің сыртқы киізін жұлып алмақ болады. Оларды қолдарына таяқ ұстаған қалыңдықтың жеңгелері күтіп алады. Қалыңдық жеңгелері таяқтарымен сабалап, киіз үйді қорғайды. Атты жігіттер жеңгелерден таяқ жегеніне қарамастан, киіз үйдің жабдықтарын жұлмалауға ұмтыла береді. Ауыл жігіттері күйеу жігіттің достарынан, жеңгелерден сыйлық алмайынша үй мүшелеуді жалғастыра береді.
7. Мәтін мазмұны бойынша «Күміс алу» ойынына қойылатын талап
A)ептілік
B)білімділік
C)ұқыптылық
D)жинақылық
E)сабырлылық
8. Мәтін мазмұны бойынша «Отау жабар» ойынында қыздарға берілетін сыйлықтардың бірі
A)орамал
B)айна
C)тарақ
D)алқа
E)сақина
9. Неке қию рәсіміне дейін ойналатын ойын түрі
A)Сәукеле кигізу
B)Көкпар
C)Күміс алу
D)Үй мүшелеу
E)Мүше тарту
10. Мәтіндегі екінші азатжолға қатысты нұсқа
A)жамбы ату
B)тобық жасыру
C)неке қию
D)көкпар
E)теңге алу
11. Мәтін мазмұндағы ой реттілігі
1. Қызқашар рәсімдері барысында тобық жасыру ойыны ойналған.
2. Орамал қолдан-қолға өтіп, салт аттылар шаршағанша жалғасады.
3. Үйді қоршап, отау үйдің сыртқы киізін жұлып алмақ болады.
4. Қазақ арасында қыз ұзату мен үйлену тойлары бірнеше күнге созылған.
A)3, 2, 1, 4
B)4, 1, 2, 3
C)4, 3, 2, 1
D)1, 2, 3, 4
E)2, 3, 4, 1
12. «Үй мүшелеу» ойынына қатысушының мақсаты
A)жеңгелерден сыйлық алу
B)тобық жасыру
C)шыт орамалды алып қашу
D)қыздардың бетінен сүю
E)өзгелерден озып келу
4-мәтін
Спорт падишасы саналатын футбол ойыны – әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлері бар танымал спорттық ойын. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлер жетерлік. Футбол ойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге дейін қалай жеткенін біреу білер, біреу білмес. Өзге құбылыстар секілді әр ойын түрлерінің шығу тарихы бар. Оның ішінде футбол ойынының тарихы тым тереңде.
Аяқ доп ойынының алғашқы түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Рим елдерінде пайда болып, кейіннен Франция мен Италияда дамыған.
Футболға ұқсас ойын түрін үнді елі «Тапа Банка Яп» (допты лақтыру) деп атады, эскимостар «тунгатгак», Қытайлар «цуцзю» деп атаған. Францияда «па супь», Италияда «кальчио» деп атаған. Римдіктер «гарпастум» (қол добы) деп кеңінен қолданған. Бұл ойынды қолмен де, аяқпен де ойнаған. Бұл ойынның ережесі сан рет өзгерген.
Деректерде Англияда аяқ доп ойынын 1660 жылы таққа ІІ Карл отырғанда сарай маңындағылар ойнай бастаған. Орта ғасырларда Англияда футболды асқан құмарлықпен және дөрекі түрде ойнайтын болған. Ойнаған кездерінде көшенің шаңын асты-үстіне шығаратын.
Шотландықтар мен ағылшындар футбол ойнағанда, жұлысып, тартысып, нағыз жабайылықпен ойнайтын болған. Сондықтан билік футболға қарсы барлық амалдарды жасаған. Тіпті король футбол ойнауға тыйым салатын арнайы жарлықтар да шығарған. Мәселен, 1314 жылы король Эдуард ІІ Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салған. Тыйымды бұзғандар абақтыға жабылған. Тіпті 1389 жылы король Ричард ІІ сарай маңында доп тепкендерді ауыр жазалаған екен. Бірақ Англияда бұл ойын танымал болғаны соншалық – король жарлықтары да көмек бере алмады.
Алғаш рет Англияда дәл осы ойын футбол деген атпен атала бастады. Футболдың Отаны Англия дейді, себебі 1863 жылы Англияда алғашқы ережесі бекітіліп, қауымдастығы құрылды. Алғашқы ереже бойынша ойынды қолмен ойнауға мүлдем тыйым салынған. Тіпті қақпашының өзіне допты қолмен тосып алуына тек 1871 жылы ғана рұқсат етілді. ХІХ ғасырдың соңында қауымдастық футбол ойынының ережесіне тағы өзгерістер енгізді. Мысалы, 1871 жылы доптың өлшемі, көлемі бекітілді. 1872 жылы бұрыштан ұру, 1878 жылы төрешіге ысқырық беріліп, 1891 жылдан бастап қақпаға тор байланатын болған. 11 метрлік айып добы сол жылы пайда болды. 1880 және 1881 жылдары футбол алаңына алғаш рет төрешілер шығады.
ХІХ ғасырдың соңында футбол Латын Америкасы мен Еуропада бірден күрт дамып кетеді. Ресми түрде халықаралық кездесулер 1872 жылдан бастап өткізіле бастайды. 1908 жылы Футбол олимпиадалық ойындар тізіміне кіреді. 1904 жылы Халықаралық Футбол федерациясы ФИФА, 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары УЕФА құрылған. Қазақстанда алғашқы футбол командасын құру 1911 жылы бастау алған.
13. Биліктің футболға қарсы барлық амалдарды жасау себебі
A)Ойын барысындағы келеңсіздіктерді жою үшін
B)Көрермендер санын көбейту үшін.
C)Олимпиадалық ойындар тізіміне кіру үшін.
D)Ойыншылар санын арттыру үшін.
E)Аяқ доп ойынына қызығушылығын ояту үшін.
14. Англияның футболдың Отаны аталу себебі

A)Ең алғашқы ойыншы осы елден шыққандықтан.


B)Ойыншылар саны шектен тыс көбейіп кеткендіктен.
C)Халықаралық кездесулер көп өткізілгендіктен.
D)Футболдың алғашқы ережесі бекітілгендіктен.
E)Олимпиадалық ойындар тізіміне енгізгендіктен.
15. Қытай еліндегі футболға ұқсас ойын түрінің атауы
A)цуцзю
B)тунгатгак
C)гарпастум
D)тапа Банка Яп
E)кальчио
16. Футбол ойынын «қол добы» деп атаған ел
A)Англия
B)Франция
C)Қытай
D)Грекия
E)Рим
17. XIV ғасырда футболға қатты тыйым салған ел
A)Англия
B)Қытай
C)Шотландия
D)Грекия
E)Италия
18. Аяқ доп ойынының алғашқы түрлері пайда болған елдердің бір қатары
A)Ресей, Германия
B)Қытай, Грекия
C)Англия, Шотландия
D)Франция, Италия
E)Индия, АҚШ
19. Англияда бекітілген футболдың алғашқы ережесіндегі ерекшеліктердің бірі
A)ойыншылар санына өзгерістер енгізілді
B)қолмен ойнауға рұқсат берілді
C)қақпаға тор байланды
D)төрешіге ысқырық берілді
E)қақпашы допты тек аяқпен тосып алу керек болды
20. ХІХ ғасырдың соңында қауымдастықтың футбол ойынының ережесіне енгізген өзгерістері
A)ойын алаңына он бес ойыншы шығуға рұқсат етілді

B)ойыншылардың жасы 18-ден аспауы тиіс


C)қақпашыны әр 20 минут сайын ауыстырып отыру керек болды
D)ойыншылар жұлысып, тартысып, тебісіп ойнайтын болған
E)доптың өлшемі, көлемі бекітілді, төрешіге ысқырық берілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет