Нұсқа – 8 Аты-жөні бейіндік пән ескерту


МАТЕМАТИКАДАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет7/18
Дата25.01.2023
өлшемі0,82 Mb.
#166432
түріШпаргалка
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
11V18entKZ

МАТЕМАТИКАДАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
ФИЗИКА
Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені бояу арқылы белгілеу қажет.
1. Желсіз күні қайықтан көлге якорь тасталған жерден тараған толқындар жағада тұрған адамға 50 секундтан кейін келіп жеткен. Егер көршілес өркештер арасындағы қашықтық 0,5 м және толқындар 5 с-та жағаға 20 рет келіп соғатын болса, қайықтың жағадан кашықтықтығы
A)200 м
B)100 м
C)300 м
D)250 м
E)150 м
2. Серіппенің потенциалдық энергиясының оның абсолют деформациясына тәуелділігі көрсетілген график

A)5
B)1
C)3
D)2
E)4
3. Массасы М планетаның серігі радиусы 2R дөңгелек орбита бойымен қозғалады. Планета серігінің жылдамдығы
A)
B)
C)
D)
E)

4. Пайдалы жұмысы 70 кДж, ал отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері 200 кДж болса, жылу қозғалтқышының ПӘК-і 


A)20 %
B)25 %
C)35 %
D)30 %
E)40 %
5. Газ қыздырғыштан 20 кДж энергия алады. Егер қыздырғыштың температурасы 500 К, ал қыздырғыш пен салқындатқыштың температураларының айырмасы 450 К болса, газдың жұмысы
A)9 кДж
B)13,5 кДж
C)18 кДж
D)15 кДж
E)4,5 кДж
6. Изохоралық процесс кезінде идеал газ температурасын 4 есе арттырса, газ тығыздығы
A)4 есе артады
B)2 есе кемиді
C)4 есе кемиді
D)өзгермейді
E)2 есе артады
7. Ток көзінен ажыратылған конденсатордың сыйымдылығын 4 есе кемітсе, электр өрісінің энергиясы
A)2 есе кемиді
B)4 есе кемиді
C)2 есе артады
D)өзгермейді
E)4 есе артады
8. Зарядтары q =2 нКл және q =-4 нКл екі су тамшысы бірігіп, сосын қайтадан тең екіге бөлінген кезде, әр тамшының заряды
A)
B)
C)
D)
E)
9. Радий  элементі бір рет альфа ыдырауға ұшырайды. Пайда болған элементтің нейтрон саны
A)138
B)132
C)134
D)140
E)136
10. Суретте өзара араласпайтын бірдей көлемдегі үш түрлі сұйықтық берілген. Ыдыстағы сұйықтықтардың орналасу реті ( ,  ,  )

A)1-су, 2-май, 3-сынап
B)1-сынап, 2-су, 3-май
C)1-май, 2-сынап, 3-су
D)1-сынап, 2-май, 3-су
E)1-май, 2-су, 3-сынап
11. Серіппенің абсолюттік ұзаруын  -ден  -ге жеткізген кезде, оның потенциалдық энергиясы
A)9 есе артады
B)3 есе кемиді
C)3 есе артады
D)2 есе артады
E)9 есе кемиді

12. Массалары 4 кг және 6 кг екі дене сәйкесінше 3 м/с және 4 м/с жылдамдықтармен қарама-қарсы горизонталь бағытта суреттегідей қозғалып, серпімсіз соқтығысады. Соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығы және қозғалыс бағыты



A)0,8 м/с, солға
B)0,6 м/с, солға
C)0,8 м/с, оңға
D)1,2 м/с, солға
E)1,2 м/с, оңға
13. Қайнау температурасындағы массасы 2 г спиртті буландыру үшін қажетті жылу мөлшері (r = 0,9 МДж/кг)
A)450 Дж
B)4500 Дж
C)900 Дж
D)9000 Дж
E)1800 Дж
14. Жазық ауа конденсаторының пластиналар арасындағы қашықтықты 2 есе кемітіп, олардың арасына диэлектрлік өтімділігі 4-ке тең диэлектрик енгізгенде конденсатордың сыйымдылығы
A)2 есе кемиді
B)2 есе артады
C)өзгермейді
D)8 есе кемиді
E)8 есе артады
15. Температурасы 1000С массасы 10 г суды буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері ( )
A)23000 Дж
B)3000 Дж
C)40 Дж
D)40000 Дж
E)2300000 Дж
16. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 8 см, осы жүктің тепе-теңдік күйінен өткен кездегі кинетикалық энергиясы 
A)160 Дж
B)1600 Дж
C)0,16 Дж
D)16 Дж
E)1,6 Дж
17. Темірден және алюминийден жасалған цилиндрлерге бірдей жылу мөлшерін бергенде олардың температуралары бірдей шамаға өзгерді. Цилиндрлер массаларының қатынасы  (сFe= 460 , cAl=920 )
A)0,2
B)0,5
C)1,4
D)0,7
E)2,0
18. Зарядының беттік тығыздығы  , радиусы 0,1 м металл шарға берілген заряд шамасы 
A)3,14 Кл
B) Кл
C) Кл
D)6,28 Кл
E)12,56 Кл
19. Жинағыш линзаға түскен АВ сәулесінің линзадан өткеннен кейінгі таралуының дұрыс бағыты(О-линзаның оптикалық центрі, F-бас фокусы)

A)3
B)1
C)4
D)5
E)2
20. Ядродағы нейтрондар саны
A)ядродағы протондар санына тең
B)А+Z
C)А-Z
D)атом қабықшасындағы электрондар санына тең
E)А массалық санына тең




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет