3-мәтін
Тұсауды ала жіппен кесуді «ешкімнің ала жібін аттамасын» деген ниетпен түсіндіреміз. Ол ғана емес. Ала жіп – өмір-тіршіліктің нышаны. Өйткені жер бетіндегінің бәрі екіден: қараңғы мен жарық, суық пен жылы, осылай кете береді. Сол үшін ақ жіп пен қара жіпті араластырып еседі. Содан кейін оны баланың аяғына байлайды. Көбі атты тұсаулағандай шалт байлайды, олай істеуге болмайды. Жіптің бір ұшын бір аяғына, екінші ұшын екінші аяғына байлау керек. Базардан сала құлаш ала жіпті алудың қажеті жоқ. Себебі күнде сол жіпке қанша көз, қанша мың адам қарайды, қанша адамның назары түседі. Ала жіпті алақанның жылуыменен немесе үлкен кісілерге ырым қылып естіруге болады ғой. Маған «есіп беріңізші, апа» деп ырым қып келетіндер көп, есіп беремін. «Жақсылықтар болғанда, асып-тасып кетпесін, қиындықтар болғанда, басылып қалмасын, екеуінен тең өтсін» деп пышақпен кеседі. Ал қайшымен кессе, баланың өмірі қайшыланып қалады. Ол, бір.
Екінші, тұрмысқа шықпаған қызға тұсау кестірмейді. Өйткені олардың жолы әлі ашылмаған. Ер баланың тұсауын ер азаматтарға кестіреді. Қыз баланың тұсауын әрбір жұмысын тындырып істейтін, қол-аяғы балғадай әйел адамға кестіреді. Қартайған кемпірге, жүрісі сылбыр, ауру адамға тұсау кескізбеген. Тұмауратып не ауырып жүрген адам ешқашан тұсау кеспейді. Жасы үлкен болғанымен, жүрістен қалмаған, іс-қимылы ширақ, белгілі адамдарға ырым етіп кестіруге болады.
Зейнеп Ахметова
7. «Eшкімнің ала жібін аттамасын» деген ниеттің мағынасы
A)батыр болсын
B)адал болсын
C)ұқыпты болсын
D)мейірімді болсын
E)ақылды болсын
8. Тұсау кесу ырымының мағынасы
A)Баланың алғаш қадам басқаны
B)Баланың алғаш тіл қатқаны
C)Баланың алғаш мүшел жасқа толғаны
D)Баланың алғаш атқа қонғаны
E)Баланың алғаш мектепке барғаны
9. Тұсау кесуге байланысты наным-сенімді көрсететін сөйлем
A)Жіптің бір ұшын бір аяғына, екінші ұшын екінші аяғына байлайды.
B)Жіп баланың аяғына шалт байланады.
C)Тұсауды ең жақын адамға кестіреді.
D)Баланың алғашқы қадамын үлкендер тамашалайды.
E)Қайшымен кессе, баланың өмірі қайшыланып қалады.
10. Тұсау кесуге ала жіпті дайындау
A)Ең жақын адамынан сатып алады.
B)Сала құлаш ала жіпті базардан сатып алады.
C)Атадан балаға қалған жіпті пайдаланады.
D)Бұрынғы қолданылған ала жіпті сұрап алады.
E)Ала жіпті алақанның жылуымен еседі.
11. Мәтін бойынша тұсауды пышақпен кесудің себебі
A)оқымысты, батыр болсын деген тілек
B)қара қылды қақ жарған әділ болсын деген тілек
C)ел қорғаған батыр болсын деген тілек
D)денсаулығы мықты болсын деген тілек
E)қуаныш пен қайғыдан бірдей өтсін деген тілек
12. Ала жіп нышаны
A)әдемілік, сәндік
B)ғұмыр, тірлік
C)батылдық, таза
D)өрлік, ерлік
E)әдептілік, қайрат
4-мәтін
Қағаз – өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал.
Қағаз өндіру үшін әртүрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Сапасын арттыру үшін қағаз массасына қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады.
Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үзіліспен не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшыққа қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.
Қағаз өндірісі – әртүрлі 7-8 технологиялық операциядан тұратын үрдіс. Аз уақытты алмайды. Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты, 26 мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанармай мен 4000 киловатт-сағат электр энергиясын үнемдеуге болады екен. Осының арқасында ауаны ластайтын зиянды қалдықтар 70-ға пайыз төмендейді.
Қазіргі заманда технология жанданып, электрондық құжат айналымы дамығанымен қағазға әлі де сұраныс та, қажеттілік те бар.
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Олар бірнеше топқа бөлінеді:
Баспалық қағаз – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
13. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат
A)Орамдық қағаз әлсіз талшықты материалдардан жасалады.
B)Өнеркәсіптік-техникалық қағаз жіпке қосуға қолданылады.
C)Жазбалық қағаз сұйықтықты жақсы сіңіреді.
D)Жарық сезгіш қағаз сурет салуға пайдаланылады.
E)Елімізде қағаздың 650-ден астам түрі пайдаланылады.
14. Қағаз түсін ағарту үшін қосылатын зат
A)крахмал
B)желімдік материалдар
C)химиялық талшықтар
D)көп мөлшерде су
E)минералдық заттар
15. Қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі
A)Крахмал мен суды араластыру
B)Талшықты материалдарды ұнтақтау
C)Ағашты таңдап, өңдеп алу
D)Минералды материалдарды әзірлеу
E)Көп мөлшерде су қосу
16. Жазбалық қағаздың ерекшелігі
A)жарықты сезгіш келеді
B)кеуектеу келеді
C)сия сормайды
D)сұйықты жақсы сіңіреді
E)берік болады
17. Мәтіндегі қағаз өндірісіне кереғар ұғым
A)Электронды құжат
B)Түсқағаз түрлері
C)Минералдық заттар
D)Өсімдіктер целлюлозасы
E)Ағаш түрлері
18. Сіңіргіш қағазды қайда қолданады?
A)Санитарлық-гигиеналық бұйымдар өндіру үшін.
B)Өнеркәсіптік-техникалық қағазды жіпке қосу үшін
C)Өнеркәсіптік бұйымдарды буу үшін.
D)Дыбыс жазуға пайдалану үшін.
E)Жарықпен көшіруге қажетті қағаз жасау үшін.
19. Сурет салуға арналған қағаздың ерекшелігі
A)желімдік ерітіндіден жасалады
B)газеттік қағаздардан жасалады
C)өндіріс қалдықтарынан жасалады
D)талшықты материалдардан жасалады
E)толтырғышсыз массадан жасалады
20. Баспалық қағаздың ерекшелігі
A)берік, қалың
B)тегіс, түсі ақ
C)беті жылтыр, қатты
D)сұр, жұқа
E)кедір-бұдыр, сарғыш
Достарыңызбен бөлісу: |