Топырақ ылғалдылығын анықтау үшін топырақты бұрғылап алады. Үлгілерді әрбір бөлек қабаттарынан алады. 1-ші қабат 0-10 см аралығынан, 2-шісі 10-20 см дейін, әрі қарай да осылай алынады. Аллюминийдің жасалған стаканды таразыда 0,01 г дейін дәлдігімен өлшейді, одан кейін 1/3 бөлігін топырақпен толтырады, қақпағын жауып қайтадан өлшейді. Сосын оны ашық күйінде кептіргіш шкафқа салып қояды. (t=100-1050С) және тұрақты массасына дейін құрғатады. Кептіргеннен кейін жабық стаканды эксикаторда (түбінде СаСІ2-сі бар) суытады да, өлшейді.
Топырақтың табиғи ылғалдылығын төмеңдегі формуламен анықтайды:
W=100 a/в Мұндағы: W - табиғи ылғалдылық, %
а – буланған ылғалдылықтың массасы, г; в – құрғақ топырақтың массасы
Топырақтың ылғалдылығының есептеу көрсеткішінің өлшем бірлігін процентпен (%) мм-ге айналдыруы келесідей анықталады:
В=w*h*V/10
Мұндағы: В – топырақ қабатының ылғал қоры, мм; W – топырақтың % өлшенген ылғалдылығы;
h – ылғалдылық анықталатын қабатының қалыңдығы, см; v – топырақтың тығыздылығы, г/см3 Егер ылғал анықталатын қабаттың қалыңдығы 10 см-ге тең болса, онда формула келесідей болады:
В=W*V
Тапсырма: келесі кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша ылғалдылықты есептеңіздер.