Жұмыстың мақсаты: Топырақтың агрегатты құрамының түсініктерімен танысу.
Н.И.Саввинов( құрғақ тұқым себу) және топырақтың агрегатты құрамын (құрылымын) бағалаңдар.
Тапсырма: топырақтың агрегатты құрамын Н.И.Савиновтың әдісімен аңықтау және топырақтың агрегатты құрамын (құрылымын) бағалау.
Құрал-жабдықтар:елеуіш колонкалар тесіктер диаметрі 10; 5; 3;
2; 1; 0,5; 0,25 мм, қалақша,техникалық таразы,фасфор ыдыс-аяқтылар.
Топырақ құрылымы. Механикалық элементтер екі жағдайда болуы мүмкін: жартылай –бөлшекті және агрегатты.
Топырақтың қатты кезенің агрегатты қалпы келесі қорытындыға келеді: топырақ горизонттары әр түрлі мөлшердегі кесектерден құралған,олар бір-бірімен байланысқан немесе илмен жабыстырылған құм мен шаң бөлшектерінен тұрады. Түйіршіктер көп немесе аз дәрежеде бір-бірінен ажыратылған. Осындай топырақ түйіршіктердің жиынтығы топырақ құрылымын құрайды.
Құрылымдық топырақта түйіршіктердің мөлшері әр түрлі болады. Агрономиялық бағалы суға төзімді топырақ құрылымы деп саналады,мөлшері әр түрлі түйіршіктерден 10-нан 0,25-мм-ге дейін макроқұрылым тұрады.Түйіршіктер осындай мөлшерде –агрегаттар,ал топырақ құрылымын –агрегатты деп аталады.Ауыл шаруашылықта аса бағалы суға төзімді агрегаттар. Мөлшері 1-ден 4 мм дейін саналады, астықты-агрегатты құрылымның жиынтығын құрайды. Түйіршіктер 0,22 мм кем микроагрегаттар деп аталады.