Көрнекті құралдар: топырақ үлгілері, моноллиттер, топырақ құрылымы үлгілері, Захаровтың бояу түсі үшбұрышы кестелер.
Топырақты зерттеудің маңызды бөлімі топырақ кескінін морфологиялық (сыртқы) белгілеріне қарай сипаттау.
Морфологиялық белгілері арқылы топырақты жыныстан, бір топырақты басқа топырақтардан айыруға және топырақ түзу процесінің бағытын, оның байқалу дәрежесін ажыратуға болады.
Топырақтың құрылысы – топырақтың генетикалық қабаттарының вертикал бағытта кезектесіп орналасуы. Топырақтың генетикалық қабаттарының геологиялық қабаттардан айырмашылығы олардың бір- бірімен тығыз байланыстылығында. Топырақ қабаттарында ауа, су, жылу мен еріген тұздар және газдар бір қабаттан екінші қабатқа өтіп жиі алмасып отырады. Мынандай генетикалық қабаттарға бөледі: