А0 – органогендік қабат, жерге түскен жапырақтардың органикалық қалдықтарынан және өлі өсімдіктердің сабақтану байламынан құралған. Тың жерлерде болады.
А – органикалық заттардың жиналу қабаты кескіннің жоғарғы жағында қалыптасады. Бұл қабатты сипатына қарай былай ажыратады: А
– қарашірінділі аккумулятивтік қабат. Бұл қабатта органикалық (қарашірінді) және қоректік заттар ең көп жиналған, минералдық заттардың бұзылуы және сілтісізденуі байқалмайды. Бояу басқа қабаттармен салыстырғанда күңгірт болады. А1 – қарашірінділі- элювиальді қабат. Қарашірінді жиналуымен қатар минералдың бұзылуы және бұзылған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжып тұруымен сипатталады.
А2 – элювиальды қабат. Бұл қабатта топырақ түзілу процесінде бірқатар заттар төмеңгі қабаттар немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.
В – иллювиальды немесе аралық қабат. Мұнда жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда қанығуы жоғары рельефтерден жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальді қабат әртүрлі қосындыларымен байытылу мүмкін: қарашіріндімен (Вћ), лаймен (Ві), карбонаттармен (Вк) темір қосындылармен (ВFe). Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы болмаса В-қабаты иллювиальді емес аралық, қарашірінділі аккумулятивті қабаттан аналық жынысқа алмасу қабаты деп аталынады.
С – аналық тау жынысы өзгермеген немесе топырақ түзу процестерінің сәл әсері болған жыныс.
Топырақты қабаттарға бөлгенде, қабаттар алмасуына көңіл бөлу керек. Бір қабаттан екінші қабатқа алмасу шекарасының сипатына қарай түзу, түзу емес, біртіңдеп, анық және бірден деп бөлінеді.
Бір қабат бояуы екінші қабат бояуына алмасуы 5 см-ге созылса біртіндеп алмасу, 2-5 см анық, 2 см-ге дейін, бірден алмасу – деп аталынады.
Бояуы көзге ең бірінші байқалатын морфологиялық белгі. Басқа белгілерді ескере отыра топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын негізгі белгі.
С.А.Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы негізінен төмендегі қосындылардың 3 тобына байланысты:
қарашірінді;
кремний қышқылы, көмір қышқылы известь пен каолин. Қарашірінді заттар қара, күңгірт сұр және сұр бояу береді.
Топырақ құрылымы – топырақ бөлшектене алатын түйіршіктер (агрегаттар). Олар бір-бірімен байланысқан механикалық элементтер және ұсақ агрегаттар.
С. А. Захаровтың анықтауынша, негізгі үш құрылым типі бар:
куб тәріздес – құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойы мен қалыптасқан;