Көрнекті оқу құралдары: қораптық топырақ үлгілері, HCl-дың 10%-ті ерітіндісі, су.
Қауіпсіздік ережелері – зертханалық жұмысты ағын суы бар зертханада өткізу қажет.
Топырақтың қатты фазасы пайда болуы әртүрлі механикалық элементтерден тұрады. Механикалық элементтер (гранулалар) - минералдар мен тау жыныстардың, органикалық заттардың және органикалық-минералдық қосылыстардың мөлшері әртүрлі сынықтары.
Механикалық элементтердің сандық анықтау - механикалық анализ деп аталады. Көлемі 0,01 мм-ден кіші механикалық элементтерді физикалық балшық, ал 0,01-ден үлкен механикалық элементтерді физикалық құм деп атайды. Сонымен қатар, 1мм-ден кіші бөлшектерді топырақтың майда бөлігі, ал 1 мм-ден үлкен бөлшектерді топырақ қаңқасы деп атайды.
Жыныста немесе топырақтағы механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін топырақтың механикалық құрамы (гранқұрамы) деп атайды, ал оны сандық анықтау - механикалық анализ деп атайды.
Гранқұрамы бойынша топырақтың алғашқы классификациялардың бірін профессор Н.А. Сибирцев берді. Ол физикалық балшықтың физикалық құмға арақатынасына негізделген.
Қазір Н.А. Качинскийдің классификациясы кең тараған. Осы классификацияда 5 фракция ажыратылған:
- құмды (1-0,05 мм);
- ірі шаңды (0,05-0,1 мм);
- шаңды (0,01-0,001 мм);
тозаңды (0,001 мм-ден кем);
Н.А. Качинский бойынша келесі фракцияларды көрсетеді, 1 кесте.
1- кесте - Топырақтың гранулометриялық құрамының классификациясы
Фракция
|
Фракцияның көлемі, мм
|
Тастар
|
3-тен үлкен
|
қиыршық тас
|
3-1
|
құм:
|
|
Ірі
|
1-0,5
|
Орташа
|
0,5-0,25
|
ұсақ
|
0,25-0,05
|
Шаң:
|
|
Ірі
0,05-0,01
|
|
Орташа
|
0,01-0,005
|
ұсақ
|
0,005-0,001
|
Тозаң:
|
|
Ірі
|
0,001-0,0005
|
Майда
|
0,0005-0,0001
|
Коллоидтар
|
0,0001-ден кіші
|
Физикалық балшық
|
0,01-ден кіші
|
Физикалық құм
|
0,01-ден үлкен
|
2 - кесте - Гранулометриялық құрамын далалық әдіспен анықтау
Топырақтың бауға
ширатылудың сипаты
|
Физикалық балшықтың
мөлшері, %
|
Гранқұрамы
бойынша топырақ
|
Ширатылмайды
|
0-5
|
Борпылдақ құм -
құмды
|
Ширатылмайды, бірақ қолда
шаң қалады
|
6-10
|
біріккен құм -
құмды
|
Баудың диаметрі 5 мм
болғанда, әрең ширатылады
|
11-20
|
құмдақ
|
Баудың диаметрі 3 мм үлкен
болғанда, ширатылады
|
21-30
|
жеңіл саздақ
|
Баудың диаметрі 1,2-3 мм
болғанда, ширатылады
|
31-40
|
орташа саздақ
|
Баудың диаметрі 0,8-1,2 мм
болғанда, ширатылады
|
41-50
|
ауыр саздақ
|
Баудың диаметрі 0,8-1,2 мм болғанда, ширатылады да тиынның мөлшеріндей сақина
береді
|
50-ден үлкен
|
саздақ
|
Бақылау сұрақтары
Механикалық элементтер қалай сипатталады және олардың топырақтары құрам мен қасиеттер бойынша немен ерекшеленеді?
Механикалық құрам деп нені айтамыз және механикалық құрам бойынша топырақ пен жыныстардың классификациялау принциптерінің құрылуы қандай?
Топырақ түзуші жыныстардың гранулометриялық құрамы топырақ түзуге қандай ықпал жасайды?
Топырақтардың механикалық құрамы (жеңіл, орташа, ауыр) олардың агрономиялық қасиеттерге қалай әсер етеді?
Неге механикалық құрамы бірдей топырақтар әртүрлі зоналарда агрономиялық бағасы әртүрлі?
Әдебиет [1], [4], [8].
5 Тақырып. Гумус қышқылдарының қасиеттері
Жұмыстың мақсаты - гумус қышқылдарының қасиеттерімен танысу мен оларды топырақ фракциялардан айыру.
Тапсырма: гумус және фульвоқышқылдарының қасиеттерін, олардың қосылыстарын және топыраққа әсер ету ерекшеліктерін зерттеу. Құрал-жабдықтары: топырақ үлгілері (қарашірінді, қоңыр, торфты), 250 мл-ге колбалар, құйғыштар, сүзгіштер, пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, спирт шамы, балауыз қарындашы, HCl- дың 10%-ті ерітіндісі, NaOH (ыстық ерітінді), дистиллденген сугуминді
қышқыл.
Қауіпсіздік ережелері: зертханалық жұмысты ағын суы бар зертханада өткізу қажет.
Гумус - топырақтың ағзаларға тән анатомиялық белгілерді толығымен жоғалтқан органикалық заттың негізгі бөлігі. Заттардың 2 үлкен топқа бөлінеді: ерекше емес органикалық қосылыстар және ерекше гумусты қосылыстар.
Фульвоқышқылдар - гумусты қосылыстардың ең көп еритін тобы. Оның қозғалғыштығы жоғары және барлық гумусты заттардың орташа өлшенген молекулалық массаға қарағанда молекулалық массалары өте аз болады. Гумусты заттардың басқа топтарға қарағанда көміртегінің құрамы өте аз болады. Фульвоқышқылдардың бояуы басқа топтардың заттарына қарағанда ақшылдау болады. Күлгін, сұр, қызыл және кейбір тропиктік топырақтарда мол болады.
Гуминді қышқылдар - минералды мен органикалық қышқылдарда ерімейтін гумусты қосылыстардың тобы. Орташа есеппен молекулалық массалары жоғарылау, көміртегінің құрамы молырақ (62%- ке дейін), қышқылдық қасиеттері аса байқалмайды. Қара, қоңыр топырақтарда мол, кейде сұр орман және дерноподзол.
Гумин - гумустың экстрагирдебейтін бөлігі. Қосылыстардың 2 типімен анықталады: балшықты минералдармен (балшықты гумусты гумин) берік байланысқан гумусты заттар; анатомиялық құрылысын жоғалтқан және ең тұрақты компоненттермен байытылған жартылай ыдыраған өсімдіктердің қалдықтары.
Тәжірибе 1. Гумус қышқылдарының суда ерігіштігі.
Жұмыс барысы: қара, қоңыр және торфты топырақтың бір өлшемін бөлек колбаларға салу керек. Дистиллденген судың 5 есе мөлшерін құйып, 5 мин. ішінде шайқап, сүзу керек. Одан сон бояуды
анықтап, коагуляцияға қабілеті мен мөлдірлігін анықтап, жұмыс нәтижелерін кестеге түсіру қажет.
1- кесте - Гумус қышқылдарының суда ерігіштігі
Топырақ
|
Горизонт
|
Сулы сорғыш
|
Коагуляция
|
Ерітіндіде қандай гумусты
қышқылдар бар
|
Бояуы
|
Мөлдірлігі
|
қоңыр А
|
қарашірінді А
|
Батпақты Ат
|
Тәжірибе 2. Гумус қышқылдарының сілтілерде ерігіштігі.
Жұмыс барысы: қара, қоңыр және торфты топырақтың бір өлшемін бөлек колбаларға салу. Әрбір колбаға сілтінің ыстық ерітіндінің 5 есе мөлшерін құйып, 5 мин. ішінде шайқап, сүзу керек. Көргеннен кейін түсін және коагуляцияға қабілетін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |