2. Педагогикалық практика
Педагогикалық практика институттың практика базасы ретінде таңдаған
мектептерде ұйымдастырылады. Маман моделіне сәйкес студенттердің
практикасы мектептегі мұғалім жұмысына дайындығын шыңдауға
бағытталады
және
келесі
қызметтерді
орындайды:
құрылымдық
жоспарлаушы, тәрбиелеуші, ұйымдастырушы, ынталандырушы, ақпараттық
технологиялық. Педагогикалық практика 3 курстың 6 семестрінде
ұйымдастырылады.
Шетел тілдері кафедрасында педагогикалық практика бағдарламасы
орыс және қазақ тілдерінде дайындалған.
3 курстағы педагогикалық практиканың мақсаты ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің негізін меңгеру, болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды
жетілдіру.
Педагогикалық практика бойынша студенттің құзыреті:
Білу керек:
- тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
- шет тілін оқыту психологиясын;
- шет тілін оқыту әдістемесін.
Достарыңызбен бөлісу: