Дұрыс жауабы: C
20. Бірдей салқын температурада тұрған металл мен ағашты ұстаса, металл ағаштан салқын сияқты болу себебі
A) ағаштың жылу сыйымдылығы жоғары
B) металдың жылу сыйымдылығы жоғары
C) металдың жылу өткізгіштігі жоғары
D) металдың жылу өткізгіштігі төмен
E) металдың тығыздығы жоғары
Шешуі:
Металдың жылу өткізгіштігі ағашқа қарағанда жоғары, сондықтан қол мен металл арасындағы жылу алмасу тезірек жүреді, яғни металды ұстаған кезде қол тезірек салқындайды.
Дұрыс жауабы: C
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған
тест тапсырмалары
1. Тербелмелі контурдағы еркін тербелістің циклдік жиілігі 2000 рад/с болу үшін конденсатордың сыйымдылығы мен катушканың индуктивтілігі
A) 12,5 мкФ, 20 мГн
B) 5 мкФ, 50 мГн
C) 50 мкФ, 50 мГн
D) 15 мкФ, 10 мГн
E) 20 мкФ, 5 мГн
F) 5 мкФ, 20 мГн
G) 250 мкФ, 1 мГн
H) 125 мкФ, 20 мГн
Шешуі: Тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістің циклдік жиілігі бұдан , яғни конденсатордың сыйымдылығы мен катушканың индуктивтілігінің көбейтіндісі -ге тең болу қажет. Жауап нұсқалары арасында бұл шарт орындалатын жұп A,B,G.
Дұрыс жауабы: A,B,G
2. Өткізгіш сфераға 20 нКл заряд берген кезде, ол 6 кВ потенциалға ие болса, оның радиусы ()
A) 4,17 см
B) 4,17∙10-3 м
C) 34 см
D) 0,34 м
E) 30 см
F) 30 ∙10-3 м
G) 300∙10-3м
H) 3 см
Достарыңызбен бөлісу: |