НұСҚаулар бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



бет1/4
Дата18.12.2021
өлшемі89,04 Kb.
#102546
түріНұсқаулар
  1   2   3   4
Байланысты:
KHimiya


ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары

1. RН3 типіндегі ұшқыш сутекті қосылыс түзетін химиялық элементтер

A) C, Si

B) S, Se


C) N, P

D) Cl, I


E) Br, F

Шешуі:

Азот пен фосфор – периодтық жүйенің V-ші негізгі топшасында орналасқан және теріс тотығу дәрежелері – -3. Дұрыс жауабы – С


2. Өндірісте аммиактың шығымдылығын арттырудың қолайлы жағдайы

A) температураны көтеру

B) үдерісті төменгі қысымда жүргізу

C) өршіткі қолдану

D) азот-сутек қоспасының айналымын қолдану

E) сепараторды қолдану



Шешуі:

А және В жауаптарындағы жағдайлар қолданса, реакция қайтымды болғандықтан аммиактың ыдырауы, яғни кері реакцияның жылдамдығы артады, С жауабындағыдай өршіткі қолдану тепе-теңдікке әсер етпейді. Сепаратор азот, сутек және аммиак қоспасын бөлуге арналған қондырғы, оның реакция жылдамдығына қатысы жоқ. Сондықтан аммиак синтезі – аз шығымды, әрі қайтымды үрдіс болғандықтан, шығымдылықты арттырудың қолайлы жағдайы – азот-сутек қоспасының айналымын қолдану, себебі өндірісте қолданылатын ең тиімді жағдайлардың өзінде аммиак шығымы 20-25 пайыздан аспайды, сондықтан тек қайта-қайта айналым үрдісі арқылы ғана жоғары шығымдылыққа қол жеткізіледі. Дұрыс жауабы – D

3. Суда ерімейтін оксид

A) CO

B) SO3



C) NO2

D) SiO2

E) P2O5

Шешуі:

Кремний оксиді немесе құм суда ерімейді. Дұрыс жауабы – D


4. Галоген атомдарының сыртқы қабатындағы электрондық конфигурациясының формуласы

A) ns2np3

B) ns2np5

C) ns2np4

D) ns2np1

E) ns1np0



Шешуі:

Галогендер VIIA топшада орналасқан, сыртқы қабатында жеті электрон

болады. Дұрыс жауабы – В
5. Аммиак молекуласындағы химиялық байланыстың түрі мен кристалдық тор типі

A) ковалентті полюссіз байланыс, молекулалық

B) ковалентті полюсті байланыс, иондық

C) иондық байланыс, молекулалық

D) ковалентті полюсті байланыс, молекулалық

E) иондық байланыс, атомдық



Шешуі:

Аммиак молекуласы NH3, электртерістіктері әртүрлі бейметалл атомдарынан тұратындықтан, химиялық байланыс түрі – ковалентті полюсті байланыс және аммиак – қалыпты жағдайда газ болғандықтан кристалл тор типі – молекулалық болады. Дұрыс жауабы – В


6. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы

A) 44


B) 14

C) 56


D) 28

E) 30


Шешуі:

Периодтық кестеден қараңыз, Аr(Si) =28. Дұрыс жауабы – D





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет