Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі



бет9/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Отбасы

14 Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлінің қандай екендігі атам қазақ «Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілесің» деп бір ауыз сөзбен-ақ айқындап берген жоқ па? Баланың бақылаусыз, қараусыз қалуы салдарынан оған берген тәрбие, құмға сіңген судай із-түзсіз кетеді. Себебі, бақылаусыз қалған баланың қолы бос, ешнәрсемен айналыспайды. Қайта сол бос уақытында түрлі жағымсыз әдеттерге бас ұрады. Шетелдік түрлі кинолардан көрген жауыздықтан, қатыгездіктен жасқанбай, сол жасқанбаушылықтарын өздерінше дәлелдегісі келіп ұрынарға қара іздейді, жаман жолға түсіп қылмысқа барады.
Бала тәрбиесіндегі отбасының міндетін мектептерге, түрлі қоғамдық ұйымдарға жүктедік. Бар жауапкершілікті соларға арттық та, біздер біріңғай қызметпен айналыстық. Бұл – бір қатеміз.
Ендігі бір мәселе, бізде тәрбие жұмысына бір жақты қарау басым. Олай дейтініміз, көпшілік ата-аналар тәрбие жұмысымен тек мектеп қана айналысуы керек деп есептейді. « Өздеріңе бердік, не етсеңдер қолдарыңда» деп бар жауапкершілікті мектепке аударады.
Отбасындағы тәрбие ісіне сіздер мен біздер болып, жіті көңіл бөліп, жас ұрпақ санасына тәрбиені сіңіре білейік.Отбасындағы әр адамның орнын көрсететін, жастарды үлкендерге парасатты түрде құрметпен қарауға тәрбиелейік. Ұлттық мәдениет пен өне негізінде жан-жақты тәрбие беріп, тазалыққа, салауатты өмір сүруге, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландырайық.


15 Немере тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі
Немере тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі. Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген көнекөздің өмірден алған тәжірибесі мол. Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже – кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгер.
Ең біріншіден, зейнет демалысына шығып, қарияның немере бағудан өзге ісі де, қызығы да жоқ. Сондықтан бар ынта, жігері мен өмірден алған өнегесін бала жүрегіне құяры сөзсіз. Оның үстіне болашағын жалғайтын ұрпағының адам болып қалыптасуына атүсті қарамайтыны анық. Бар ықыласын төгіп, тәттісін тосып, жақсылыққа жол сілтер ең жақсы тәрбиеші, асыл ұстаз, мейірім мен қамқорлықтың озық үлгісін көрсетуші ең аяулы жандар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет