НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет5/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Дэвид Бринкерхоф, Рауз Уейтс, Сюзан Ортега. Әлеуметтану негіздері. Астана. 2018.

  2. Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки; Астана, 2018. – 829б

  3. Ritzer G., Stepnisky J. Sociological Theory. – Los Angeles: Sage, 2018. – 802p.

  4. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. "Социология: Уч.пособие". – Алматы: Эверо,2016. – 584с.

  5. Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017.

  6. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p.



Дәріс 3. Әлеуметтанулық зерттеулер

  1. Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеу түсінігі. Классификация өлшемдері.

  2. Іздеу (бақылау) зерттеуі. Пилотажды және бақылаулық зерттеуге салыстырмалы сипаттама.

  3. Бейнелеу және аналитикалық зерттеу. Қайталанатын зерттеу түрлері. Мониторинг. Жағдайды талдау (case study).

  4. Зерттеудің сұраулық әдісі.

  5. Сұхбат (еркін, стандартты, фокусталған, топтық, индивидуалды, бетпе-бет).

  6. Анкеталық сұрау (экспресс-сұрау, топтық, индивидуалдық, іштей, сырттай, бұқаралық, эксперттік).

  7. Құжат талдау (контент-талдау).

  8. Бақылау: енгізілген, енгізілмеген.

  9. Эксперимент.

  10. Әлеуметтік мәліметтерді жинаудық жетістіктері мен кемшіліктері.

Әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеу әдістемелерінің қазіргі жиынтығы өте кең және әр алуан. Сондықтан, зерттеулерді бірқатар негіздер бойынша жіктеуге болады, атап айтқанда:
- қарқыны мен күрделілігі бойынша;
- шапшандығы мен уақыт шегі бойынша;
- зерттеу объектілері мен қолдану саласы бойынша;
- әлеуметтанушылық және маркетингтік ақпарат жинаудың қолданылатын негізгі әдістері бойынша.

Сұрау


Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек әлеуметтану әдісі ғана емес, ол психология, медицина, журналистика, тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бірақ, сұраудың әдістемелік мәселелері толық күйінде нақ әлеуметтануда жасалынған.
Осы параграфта бұқаралық сұрауларды зерттелетін объектінің элементтерін өлшеуге және сандық түрде көрсетілген нәтижелер алуға бағдарланған сұрақнаманың көбінесе формализмге негізделген (стандартталған) құрылымымен қарастыратын боламыз.
Әлеуметтану қоғамдастығынан тыс әдістердің ішінде сұрау, ең белгілісі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, әлеуметтанушы - бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.
Алайда мұның барлығы сұрау әдісінің белгілі шектеулігі бар екендігін естен шығармауға тиіс. Бұл жерде эмпирикалық әлеуметтанушылық және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көз бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:
- деректік көздер;
- адамдардың мінез-құлқындағы, анық әлеуметтік жағдайлардағы әлеуметтік процестердің сыртқы көріністері;
- адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).
Бірінші қайнар көзге құжаттар талдау әдісі сәйкес келеді, екіншісі бақылау әдісі арқылы жақсы “сезіледі”. Сұрау үшінші типтегі ақпарат алу үшін қолданылады. Сөйтіп, әлеуметтік шындық-тың зерттелетін аясы статистикалық және деректік ақпаратпен қамтамасыз етілуі неғұрлым әлсіз болып, зерттелетін құбылыстар тура бақылауға қолайсыз болған сайын, зерттеуде сұрау әдісінің рөлі мен маңызы соғұрлым арта түседі.
Сұраудың нәтижесінде алынатын әлеуметтану ақпараты мұқият және сын көзбен қарауды талап етеді. Сұраудың нәтижелері қоғамдық сананың дәл бейнесі ретінде қабылданған кез болған (және ол өте күрделі күйінде, 19-ғасырдың ортасынан бастап 20-ғасырдың 50-жылдарының басына дейін созылды). Тек 20-ғасырдың 50-жылдары ғана респонденттің, сұхбат алушы мен зерттеушінің психологиялық күйлерімен ақпарат бұрмалау факторларын есепке алып, азайтуға мүмкіндік берген арнайы зерттеулер жүргізілді.
Сұраудың мәліметтеріне, сондай-ақ саяси, экономикалық және моральдық ахуал, іріктеу сапасы, сұхбат алушының дайындық деңгейі және т.б. сөзсіз әсер етеді.

Сұхбат


Әдебиетте бұл әдістің еркін, стандартты емес, құрылымдық емес сұхбат деген өзге атаулары кездеседі. Көп жағдайда “терең сұхбат” термині (іn-depth-іntervіew) қолданылады. Бұл терминдердің барлығы осы зерттеу түрінің формализмге негізделген (стандартты, құрылымдық) сұхбаттан айырмашылығын көрсетеді. Айырмашылықтың өзі мынадан тұрады: еркін сұхбатты пайдаланған кезде әрбір респонденттен ақпараттың тура сол түрлерін алуға әрекет жасалынбайды және жеке адам есептік-статистикалық бірлік болмайды. Сұхбаттың мазмұны респонденттен респондентке дейін өзгеруі мүмкін: әрбір респондент өзі ең жақсы жағынан көрсете алатын ақпаратты хабарлайды немесе пікірді білдіреді.
Сонымен, формализмге негізделмеген сұхбатта сұрау зерттеудің сапалы әдісі ретінде көрінеді.
Терең сұхбат әдістемесі өте күрделі және жоғары білікті сұхбат алушылардың қатысуын қажет етеді. Көбінесе олардың орнында зерттеушілердің өзі болады.
Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет