НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс 4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы



бет7/21
Дата20.09.2023
өлшемі145,73 Kb.
#181837
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану-emirsaba.org

Дәріс 4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы


Дәрістің мақсаты: студенттерге әлеуметтанудың теоретиялық-әдістемелік негіздерін түсіндіру.
Әлеуметтанудағы жүйелік талдау түсінігі. Әлеуметтанудағы «қоғам» және «жүйе» түсінігі.

  1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жүйе түсінігі. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері.


  2. Қоғамға әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».


  3. Социеталды және әлеуметтік жүйе түсінігі.


Қоғам ұғымы, әлеуметтанудың басты категорияларының бірі болып табылады.



Қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің әлеуметтану үшін басты, әдістемелік маңызы бар.
Біз, әдетте, адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга­никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.
Қоғам тұтас жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын өз кезегінде жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл ішкі жүйелерді әлеуметтік жүйенің өзінен ажыратып қарау үшін оларды социетальдық деп атайды. Бұл жүйелер арасындағы өзара қарым-қатынаста себеп-салдар байланыстары басты рөл атқарады. Мұның өзі осы жүйелердің әрқайсысы өз бетінше өмір сүрмей, басқа жүйелермен себеп-салдарлық тәуелділікте болатынын білдіреді. Бұл жүйелердің барлығы иерархияланған құрылымды білдіреді, яғни олар тізбектелген тәртіппен субординация, бағыныøтылық арақатынаста болады. Сөйтіп, бұл жүйелердің алдыңғылары кейінгілеріне анықтаушы ықпал етеді, ал олар өз кезегінде алдыңғысына кері ықпал жасайды.
Әлеуметтік байланыстардың сипаты мен түрі алдыңғы қатарға шыққан жағдайда қоғам әлеуметтік жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерді қамтиды: әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік рөлдер, нормалар және құндылықтар. Олардың әрқайсысы бұл жерде де өзінің ішкі жүйелері бар айтарлықтай күрделі әлеуметтік жүйелерді білдіреді.
Материалды қорыту деңгейі бойынша қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеудің өзара байланысты үш қыры бар:
а) “жалпы қоғамды” зерттеу, яғни қоғамның жалпылама, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен ахуалдарын (әлеуметтік философиямен тығыз байланыста және оның жетекші рөлімен бірге) бөліп көрсету;
ә) қоғамдардың нақты-тарихи түрлерін, өркениеттің даму сатыларын зерттеу;
б) жеке нақты қоғамды, яғни нақты өмір сүретін елдер мен халықтар қоғамдарын зерттеу.
Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін әлеуметтануда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі әлеуметтануға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Әлеуметтанушылар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әртүрлі құрылым болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет