Нұсқаулар және ұсыныстар титулдық парағы Нысан


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі123,5 Kb.
#46326
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті


Тарих кафедрасы

6M020300- Тарих мамандығының магистанттарына арналған

М. Шоқайдың тарихи бейнесі пәнінен
ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


Құрастырушы:

Профессор, т.ғ.д.



Таштемханова Р.М.

Павлодар





Әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ғ.ж. ж. проректоры

___________Кадысова Р.Ж.

20___ж.«___»____________





Қ ұрастырушы: _________ профессор, т.ғ.д. Таштемханова Р.М.

Тарих кафедрасы

6M020300- Тарих мамандығының магистанттарына арналған

М. Шоқайдың тарихи бейнесі пәнінен


ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «__» _____ № ___ Хаттама


Кафедра меңгерушісі ____________ С.Н. Мамытова 20__ж. «__» _____

Докторантура және магистратура оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «__» _____ № ___ Хаттама

ӨӘК төрағасы________________ З.Е. Жумабаева 20__ж. «__» _____


МАҚҰЛДАНДЫ:
Ғылым департаменттың директоры________А.Ф. Ельмуратова 20_ж. «__»___



1 Пән мақсаты ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы Мұстафа Шоқайдың бейнесіне жан-жақты тарихи сараптама жасау:

- Мұстафа Шоқайдың тарихи мұрасын зерттеудің өзектілігін анықтау;

- М.Шоқайдың өмір жолының бастапқы кезеңіне көрініс беру;

- М. Шоқай тұлғасының дүниетанымдық негіздерінің қалыптасуы үрдісін ашып көрсету;

- автономия мәселесіне байланысты М. Шоқайдың саяси көзқарастарын сипаттау;

- Түркістандағы, кеңестік биліктің орнағанынан кейінгі, оқиғалардың динамикасын және оның Мұстафа Шоқайдың кейінгі өмірлік кезеңдеріне әсерін қадағалау;

- эмиграциядағы М. Шоқайдың саяси қызметіне көрінісіне беру;

- ұлттық қозғалыс негіздерінің, оның стратегиясы мен тактикасының қалыптасуына байланысты М. Шоқайдың үлесін анықтау;

- М. Шоқайдың халықаралық дәрежедегі сарапшы және тарихшы ретіндегі қызметін сараптаудан өткізу;

- Әлемдік тарихтағы М. Шоқайдың рөлін ашып көрсету;


Пәннің міндеттері:

  • қазіргі заманғы саясаттану ғылымының жетістіктеріне негізделе отырып, хронологиялық реттілікпен, әртүрлі материалдарды зерттеу, игеру;

  • магистранттардың шығармашылық ойлау қабылеттерін проблемалық дәрістерді қолдану әдісі арқылы қалыптастыру;

  • курстың гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнің, әлдеқайда өзекті мәселелерін анықтау;

  • ғылым және техника жетістіктерінің дамуы және қолдануымен байланысты саясат және саясаттану ғылымның рөлі, оның салалары мен бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру.

2 Пререквизиттері:

Пән оқу магистранттар білу керек:



  • өз бетінше білім алуды үйрену;

  • партия құжаттары мен архивтік деректермен жұмыс істей білуді үйрену;

  • сол жылдардағы оқиғаларды жаңа көзқарас тұрғысынан бағалау дағдыларына ие болуға тиіс;

Пәң оқу магистранттар істей білулері керек:

  • ғылыми пікір-таластарды жүргізе білуге тиіс;

  • өзінің қорытындыларын дәлелдей білуі тиіс;

  • ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларына ие болу керек.


3 Постреквизиттері: Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстанның ортағасырлар тарихы. Қазақстанның жаңа заман тарихы. Ежелгі дүние тарихы, ортағасырлар тарихы, шетелдердің жаңа заман тарихы, философия және саясаттану

Пәннің тақырыптық мазмұны

Тақырып 1. Тұлғаның қалыптасуы бастауларында

«М. Шоқайдың тарихи портреті» арнайы курсының пәні және мақсаттары. «Қазақстан тарихы» пәні аясындағы арнайы курстың мәні және орны. Мұстафа Шоқайдың тарихи мұрасын зерттеудің өзектілігі. Мәселенің тарихнамасы. Мәселенің деректік негізі. М. Шоқай өмірбаянының бастапқы кезеңі. Оқу жылдары. М. Шоқай тұлғасының дүниетанымдық негіздерінің қалыптасуы.


Тақырып 2. Бостандыққа апарар азапты жол

Автономдылық идеясының қалыптасуы. Ұлт-азаттық қозғалыстағы М. Шоқайдың басшылығы. Түркістан Мұхтариаты.



Тақырып 3. Кеңес өкіметінің Түркістандағы орнатылуы жылдарындағы Мұстафа Шоқайдың қызметі

Құрылтай жиналыстың шақырылуы мәселесі. Үміттердің ақталмауы және Кеңестік билік жағдайларына ауысу. М. Шоқайдың эмигранттық өмірінің бастаулуы.



Тақырып 4. Ұлттық қозғалыс негіздерінің қалыптасуындағы Мұстафа Шоқайдың үлесі

Тарихи Отанмен қатынастардың орнатылуы. Баспа органдары.



Тақырып 5. Ұлт-азаттық қозғалыс стратегиясы және тактикасының қалыптасуындағы М. Шоқайдың рөлі

Түркістандық мәселенің әлемдік проблематика масштабында қарастырылуы. Түркістандықтардың нығаюындағы М. Шоқайдың рөлі. Түркістанның бірігуінен түркілердің бірігуіне.


Тақырып 6. М.Шоқай – халқаралық дәрежедегі сарапшы және тарихшы

М. Шоқайдың тарихи мұрасы. М.Шоқай өмірінің соңғы күндері. Мұстафа Шоқай әлемдік тарихтағы рөлі.



Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Есмагамбетов К.Л., Таштемханова Р.М., Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі. Павлодар: Кереку, 2010, 389б.

  2. Есмагамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға. Алматы, 2008.


Қосымша

  1. Садыкова Б. История Туркестанского легиона в документах. Алматы, 2002.

  2. Садыкова Б. Мустафа Шокай. Алматы, 2004.

  3. Лаумулин М.Т., Центральная Азия зарубежной политологии и мировой политики. т1. Алматы, 2005.

  4. Зарубежная казахстаника. Информационно-аналитический обзор// сост. Ковальская С., Садыков Т., Астана, 2006.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет